«MSB Drive» — Nurbank-тің бизнес өсуі мен қайта қаржыландыруға арналған қолжетімді құралы
«MSB Drive» — Nurbank-тің бизнес өсуі мен қайта қаржыландыруға арналған қолжетімді құралы

«MSB Drive» — Nurbank-тің бизнес өсуі мен қайта қаржыландыруға арналған қолжетімді құралы

Жоғары инфляция және жоғары базалық ставка жағдайында ШОБ-тің басты талаптарының бірі тез қаржыландыруға қол жеткізу болып табылады. Осы сұраныстарға АО «Нурбанк»-тің жаңа өнімі – кәсіпкерлердің ағымдағы қажеттіліктерін ескере отырып арнайы әзірленген «ШОБ Drive» кредит бағдарламасы жауап береді.

«ШОБ Drive»-тің қандай міндеттерді шешетінін, оның «Даму» Қорының құралдарымен қалай интеграцияланғанын және Нурбанк үшін ШОБ-тің неліктен басым бағыттардың бірі болып қалатындығы туралы «Нурбанк» АҚ Басқармасының Төрағасы Гульнара Мұсатаева баяндайды.

- Нурбанк «ШОБ Drive»-ті - ШОБ-ты кредиттеу бойынша жаңа өнімін іске қосуда. Бұл қандай бизнес-сұранысты шешеді?

- Бүгінгі таңда бизнес жоғары базалық ставка жағдайында жұмысын жалғастыруда. «ШОБ Drive» өнімі кәсіпкерлердің басты сұраныстарының біріне жауап беру үшін жасалған - күрделі макроэкономикалық жағдайларына қарамастан қолжетімді және жылдам қаржыландыруға қол жеткізу.

Бағдарламаның басты артықшылықтары - өтінімдердің жылдам қаралуы, минималды құжаттар пакеті және кредит беру шарттарының айқындылығы. Сонымен қатар, салық есептілігі негізінде төлем қабілеттілігін талдаудың жеңілдетілген жүйесі арқылы біз шешімдерді тезірек қабылдай аламыз. Өнім ағымдағы кәсіпкерлерге де, бизнесін дамыту үшін қаржыландыру немесе бұрын алынған қарыздарды қайта қаржыландыру немесе ағымдағы міндеттерді шешу үшін қаржылық қолдау қажет компанияларға арналған.

Бағдарлама аясында 120 миллион теңгеге дейін кредит ресімдеуге болады. Негізгі борышты өтеу бойынша 6 айға дейінгі жеңілдік кезеңі - айналымдық мақсаттар үшін, 12 айға дейін - инвестициялық жобалар үшін. Кредиттеу түрі: жаңарымды/ жаңарымсыз кредиттік желі. Қаржыландыруды төлемдер арқылы қайталама рәсімдеусіз алуға болады.

- Бағдарламаның бір міндеті - бизнесті дамытуға қолдау көрсету. Жеңілдік кезеңі кәсіпкерлерге қалай көмектеседі?

- Кәсіпкерлер негізгі борышты өтеу мерзімінсіз 7 жылға дейін кредит ала алады. Бизнес үшін бұл маңызды, өйткені қаражаттарды жаңа бағыттарды дамытуға, өндірісті жаңғыртуға, маусымдық сатып алуларға немесе жобаларды іске қосуға жұмсауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе маусымдық бизнес немесе жоба ашып жатқан компаниялар үшін актуалды.

- Жоғары ставкаға қарамастан, кәсіпкерлер ескі қарыздарды қайта қаржыландыруға жиі барады. «ШОБ Drive» бұл бағытта не ұсынады?

- Иә, бизнес қайта қаржыландыру арқылы қаржылық тұрақтылықты арттыру әдісін көреді. «ШОБ Drive» аясында алдын ала берілген кредиттерді неғұрлым жеңілдетілген шарттармен - мерзімді ұлғайту, жеңілдік кезеңі және міндеттемелерді біріктіру мүмкіндігімен қайта қаржыландыру шарттары қарастырылған. Нәтижесінде клиент ақша ағындарын басқарудың жоғары деңгейіне қол жеткізеді.

- Нурбанк «Даму» қорымен көптен бері ынтымақтасып келеді. Бұл жаңа өнімде қалай ескерілген?

- Нурбанк «Даму» қорының тұрақты серіктесі және 15 жылдан астам уақыт бойы мемлекеттік даму бағдарламалары аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жан-жақты қолдап келеді. Нурбанктің мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламаларына қатысуының арқасында бізде экономика салаларында көптеген табысты жобалар жүзеге асырылған. Банктің кәсіпкерлікті қолдау бойынша түрлі мемлекеттік бағдарламалар негізінде қаржыландырудың жалпы сомасы осы мерзім аралығында 77,2 миллиард теңгені құрады.

«ШОБ Drive» «Даму» қорының құралдарымен толық интеграцияланған. Пайыздық ставканы субсидиялау көзделген. Бұл клиенттерге кредиттің құнын төмендетеді және оны қолжетімді етеді. Сондай-ақ, көптеген ШОБ кәсіпкерлері үшін кредит алу кезінде негізгі кедергі болып табылатын жеткілікті өтімді кепілдің жоқтығы. «ШОБ Drive» аясында қаржыландыруды қолжетімді ету мақсатында «Даму» қорының кепілдігі кредит кепілі ретінде қарастырылады. Біз қордың кепілдігін ШОБ үшін мемлекеттік қолдаудың тиімді түрі деп есептейміз.

- ШОБ - Нурбанк үшін маңызды сегмент. Қазақстанда ШОБ дамуына қандай үміттенесіздер?

- Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлін бағалау қиын. Бүгінгі күні ШОБ - елдің экономикалық өсуінің драйвері болып табылады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша елдің ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі шамамен 40%-ды құрады - бұл соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш. 2025 жылғы 1 қаңтардағы ресми статистикаға сәйкес, елде 2 261,8 мың ШОБ субъектісі тіркелген, олардың 2 071,7 мыңы жұмыс істеп тұрғандар. Бұл секторда 4,4 миллионнан астам адам жұмыс істейді, бұл Қазақстанның экономикалық белсенді халқының жартысына жуығын құрайды.

Банк секторы тұрғысынан Нурбанк ШОБ дамуын стратегиялық басымдықтардың бірі деп санаймыз. Бұл сегмент - аймақтарды дамытатын, жұмыс орындарын құратын жоғары экономикалық әлеуеті бар ең қарқынды дамып келе жатқан сегменттің бірі. Сондықтан біздің қаржылық серіктес ретіндегі міндетіміз - «ШОБ Drive» сияқты жаңа өнімдерімізбен кәсіпкерлерге тиімді қаржылық құралдар құру, сондай-ақ кешенді қолдау көрсету, соның ішінде консультациялар және даму бағдарламалары.

Алдағы жылдары Қазақстан экономикасындағы ШОБ рөлі артатынына сенімдіміз. Жаңа кредит өнімін іске қосу - нарық пен клиенттер сұраныстарына берген біздің жауабымыз. Біз қарапайым, айқын және қолжетімді шешімді ұсынамыз. «ШОБ Drive» біздің клиенттеріміз үшін шынайы даму драйверіне айналып, олардың жоспарларын жүзеге асыруға, бизнесін нығайтуға және жаңа өсу нүктелерін табуға көмектесетініне сенімдімін.

 Дереккөз: https://dknews.kz/ru/dk-life/363435-msb-drive-dostupnyy-instrument-dlya-rosta-i

 

08.07.2025