
2025 жылдың маусым айында Нұрбанк цифрлық теңге жүйесінің банк-агенттері қатарына қосылып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі іске асырып жатқан ұлттық валютаның үшінші формасы — цифрлық теңгені енгізу жөніндегі пилоттық жобаға қатысты, аталған жоба бюджет қаражатының жұмсалуын таңбалау және қадағалау мақсатында жүзеге асырылуда.
Жоба аясында Нұрбанк клиенттеріне цифрлық теңгемен толықтай қашықтан, яғни бөлімшелерге бармастан және қағаз құжаттар ұсынбастан, «NurBusiness» интернет-банкингі арқылы жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынған санаулы банктердің бірі болды. Ағымдағы жылдың шілде айының өзінде ақ алғашқы клиенттің цифрлық шоты ашылып, цифрлық теңгемен алғашқы транзакциялар сәтті түрде жүзеге асырылды.
Цифрлық теңге пайдаланыла отырып бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік жобаларға қатысатын заңды тұлғалар енді қаржыландыруды цифрлық форматта ала алады және қажет болған жағдайда цифрлық теңгені дәстүрлі (қолма-қол емес) формаға айырбастай алады. Цифрлық теңгемен жұмыс істеу үдерісі толықтай онлайн форматта өтеді және ол корпоративтік интернет-банкинг арқылы қол жетімді болады.
Нұрбанк клиенттері цифрлық шот аша алады, цифрлық теңге шотындағы қалдық пен қозғалысты бақылайды, үзінді көшірмелер жасайды. Сонымен қатар оларда цифрлық теңгені сатып алу немесе сату Нұрбанк клиенттеріне немесе басқа банктердің клиенттеріне аударымдар жасау мүмкіндігі болады. Бір сөзбен айтқанда, цифрлық шотты дәстүрлі банк шоттарымен тең дәрежеде басқаруға болады.
Цифрлық теңге туралы
Цифрлық теңге — бұл Қазақстанның ұлттық валютасының қолма-қол және қолма-қол емес ақша түрімен қатар қолданылатын үшінші формасы. Цифрлық теңгенің эмитенті — ҚР Ұлттық Банкі. Цифрлық теңгелер арнайы электрондық әмияндарда сақталатын бірегей цифрлық токендер немесе электрондық жазбалар түрінде шығарылады.
Цифрлық теңге жобасына қатысу — Нұрбанктің цифрлық трансформация және төлем инфрақұрылымын дамыту жөніндегі стратегиялық бағытын іске асырудағы маңызды қадам.
«Нұрбанк» АҚ Басқарма төрайымы Гульнара Мусатаева: «Біз үшін цифрлық теңге бойынша пилоттық жобаға қатысу — елдің қаржы жүйесін дамытудың жаңа кезеңінің бір бөлігі болуға дайын екенімізді көрсететін стратегиялық шешім. Біз цифрлық есеп айырысуларды қарапайым, қол жетімді және клиент үшін үйреншікті ортаға толықтай сіңіскен сипатты етуге ұмтыламыз. Ұлттық Банктің бастамасын қолдай отырып, заманауи, қауіпсіз әрі ашық төлем шешімдеріне қарай қадам басамыз, сонымен бірге ең бастысы — ыңғайлылық пен клиенттердің Нұрбанкке деген сенімін сақтап қаламыз», — деп атап өтті.
«Нұрбанк» АҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылдың 3 ақпанындағы №1.2.15/193 лицензиясы негізінде іс-әрекет етеді.
Дереккөз: https://digitalbusiness.kz/2025-08-14/nurbank-vnedril-servisi-tsifrovogo-tenge/