Нұрбанк ірі Еуразия — New Vision Forum бизнес форумының демеушісі ретінде әрекет етеді
Нұрбанк ірі Еуразия — New Vision Forum бизнес форумының демеушісі ретінде әрекет етеді

Нұрбанк ірі Еуразия — New Vision Forum бизнес форумының демеушісі ретінде әрекет етеді

Банк форум аясында инновациялық сервис — аударымдар мен криптовалюталардың цифрлық әлемін таныстырып, қаржылық технология саласындағы позициясын нығайтып, елдегі бизнес-ортаның дамуына қолдау көрсетуде.

ҚАНДАЙ ОҚИҒА ОРЫН АЛДЫ

Нұрбанк New Vision Forum форумының демеушісі ретінде қатысып, жаңашылдыққа ашық екендігін тағы бір мәрте растады. Банктің осындай ауқымды іс-шараға қатысуы — бұл тек мойындау белгісі ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен өңірді тұтастай алғандағы бизнес-ортаны дамытуға қосқан үлесі. Форум аясында банк бірегей сервисті — аударымдар мен криптовалюталардың цифрлық әлемін ұсынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ АЙТҚАНДА

9–11 қазан аралығында Алматы қаласында өңірдің іскерлік өміріндегі ең ауқымды іс-шаралардың бірі — бүгінде Еуразиядағы ең ірі бизнес-форум деп танылып отырған New Vision Forum өтеді. Үш күн ішінде мұнда жеті мыңнан астам қатысушы жиналады деп күтілуде. Кәсіпкерлер, инвесторлар, халықаралық корпорациялардың өкілдері мен әлемдік деңгейдегі жетекші сарапшылар экономиканың, технологиялар мен бизнестің болашағын талқылау үшін бас қосады.

Форум шеңберінде «Нурбанк» өзінің бірегей сервисі — аударымдар мен крипто валюталардың цифрлық әлемін таныстырады. Жақын уақытта Nur24.kz қосымшасының пайдаланушылары цифрлық активтерді басқарып, халықаралық ақша аударымдары үшін ең ыңғайлы тәсілді таңдай алады. Бұл ретте олар цифрлық активтердің провайдерлері мен халықаралық ақша аудару жүйелерінің комиссиялары мен шарттарын салыстыру мүмкіндігіне ие болады.

ТАҒЫ АЙТАРЫМЫЗ

Бүгінде Нұрбанк Қазақстандағы транзакциялық шешімдердің ең кең өнім желілерінің бірін ұсынып отыр, ал жаңа цифрлық сервистер қаржылық қызмет көрсету деңгейін жаңа бір сапалы сатыға көтеруде.

Нұрбанк павильоны форум қатысушылары үшін нағыз тартымды орынға айналды. Мұнда қонақтар транзакциялық бизнес саласындағы жаңа өнімдермен танысып, крипто валюта мен инновациялық сервистер туралы өзекті ақпарат алады. Әрбір қонақ дәмді сыйлықтарға ие бола алады.

«Нұрбанк» АҚ Басқарма төрайымы Гульнара Мусатаева: «Біз үшін банк — қаржы ғана емес. Ол — сенім, инновация және шабыт. New Vision Forum-ға қатысу бізге тек өнімдеріміз бен шешімдерімізді таныстыруға ғана емес, сонымен қатар болашақ идеялар туындайтын ортада болуға дайын екенімізді көрсетуге мүмкіндік береді. Біздің күшіміз — инновацияда, ал банктің жүрегі — әрбір клиентке деген қамқорлықта көрінеді деп сенеміз. Дәл осылай біз бірге жаңа көкжиектерді ашып, ертеңгі экономиканы қалыптастырамыз», — деп пікір білдірді.

«Нұрбанк» АҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылдың 3 ақпанындағы №1.2.15/193 лицензиясы негізінде іс-әрекет етеді.

Дереккөз: https://bes.media/news/nurbank-vistupaet-sponsorom-krupneyshego-biznes-foruma-evrazii-new-vision-forum/

20.01.2026