Интернет-эквайринг шеңберінде алдын ала процессингтік шешімдерді ұсыну қызметтерін сатып алу

Интернет-эквайринг шеңберінде алдын ала процессингтік шешімдерді ұсыну қызметтерін сатып алу

Тендер түрі:
Ашық
Өткізілетін күн:
29.05.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
16:30
Алматы қ., Абай даңғылы, 10 В
3 қабат, 310 кабинет
21.05.2025

Пакеттер мен ұсыныстарды жинақтау

Мерзімі
21.05.2025
Уақыты
12:00-ге дейін
Мекенжайы:
Абай д-лы 10Б, 310 кабинет

Тендерге қатысу үшін қажетті құжат пакеттері

Тендерге берілген өтініштерді бағалаудағы өлшемдер
  1. Банк процессингімен үйлесімділік – Алдын ала процессинг Банктің қолданыстағы WAY4 процессингімен үйлесімді болуы тиіс
  2. Алдын ала процессинг – Бірнеше төлем жүйелері арқылы төлемдерді қабылдауды ұйымдастыру тәсілін жүзеге асыру қажет, оның қызметінің құрамына транзакцияларды жүргізген кезде қажет болатын ақпаратты өңдеу және сақтау істері кіруі тиіс  
  3. 3-D Secure – жеке 3DSecure модулі болуы керек
  4. Anti-fraud (антифрод) – бұл жүйенің мақсаты орнатылған баптауларға сәйкес күдікті транзакцияларды тексеру
  5. VISA/Mastercard ХТЖ мен ҚРҰБ мандаттық талаптарына сай - VISA/Mastercard ХТЖ мен ҚРҰБ талаптарына сәйкес және Банктің өз жетілдірулері бойынша жүйеге кастомизация жасаудың икемді шарттары болуы тиіс
  6. Қабылдау (Retail), C2B (AFT), Төлеу (OCT), Қайталанатын төлемдер, Бөлу, Токенизация (ApplePay мен GooglePay) сияқты өндірістік желінің, Жеке кабинеттің, интеграциялық API болуы

     


    Коммерциялық ұсыныста көрсетілуі тиіс қосымша шарттар (offer):

    • Транзакция тарифтер мен оның санына қатысты шарттар
    • Лицензияның құны және Банктің инфрақұрылымында Алдын ала процессинг шешімі жүйесін орналастырудың құны
    • Ай ішінде ең аз тіркелген төлемнің құны;
    • VISA/Mastercard ХТЖ және/немесе ҰТК/ҚРҰБ мандаттық талаптары бойынша жетілдірудің құны
    • Банктің бастамасымен жасалған жетілдірулердің құны
    • White-Label схемасы бойынша жасалатын ынтымақтастықтың құны
    • Қолдау және 24х7 сипатында сүйемелдеу құны

    Сонымен қатар келесі жайттарды сипаттау талап етіледі:

    • Алдын ала процессинг шешімі мен архитектуралық шешімдерінің жүйесін орналастыру үшін Банктің инфрақұрылымына қойылатын ең аз мөлшердегі талаптар

     

Заңдық құжаттамалар
  1. №2 және №4-қосымшаларда белгіленген үлгідегі Тендерге қатысуға берілетін өтініш
  2. құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаның тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәліктің немесе анықтаманың немесе жеке кәсіпкердің тіркелгені туралы куәліктің/жеке кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаның көшірмесі
  3. жарғының, сенімхаттың көшірмелері, бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, ЖШС құру туралы шешім, ЖШС-ның хаттамалары;
  4. белгілі бір қызметті жүзеге асыруға берілетін рұқсаттың көшірмелері (рұқсат қағаз тасымалдағышта берілген жағдайда салыстыру үшін түпнұсқасы) (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша қызмет жасауға рұқсат алу талап етілсе) немесе хабарламаларды,  мемлекеттік электрондық реестрден рұқсаттар мен Үміткер жіберген хабарлама туралы хабарландыруларды қабылдайтын мемлекеттік орган берген аталған құжаттардың көшірмелері (сатып алынатын тауарлар/жұмыс/қызметтер бойынша қызмет хабарламаны жіберуді талап етсе)
  5. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, Үміткердің банктік деректемелерін, Үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін, ақша қаражатын басқаруда шектеу жоқ екенін растайтын  анықтаманың түпнұсқасы
  6. заңды тұлғаның уәкілетті органының атқарушы органды (басшыны) сайлау (тағайындау) туралы шешімі, құжаттың нотариалдық түрде расталған көшірмесі
Қаржылық құжаттамалар
  1. бағаға қатысты ұсынысы
  2. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын  анықтаманың түпнұсқасы
  3. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, заңды тұлғаның бір жылдық қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке кәсіпкердің салық декларациясының  көшірмелері
  4. жеткізушінің тіркелген мекеніндегі Салық комитетінен алынған  салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы
  5. материалдық-техникалық базасы туралы мәлімет  

Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімдерін дайындау мен ұсынуға қатысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендердің өткізілуі мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және шығындарды өтеуге міндетті емес.

Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін ерекше атаймыз.

Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы

Тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.

заңдық және қаржылық құжаттамалардың топтамаларын дайындауға қатысты мәселелер бойынша Владимир Морозовпен байланысыңыз, тел. +7 (727) 2 500 000, ішкі 5385,vmorozov@nurbank.kz

өзге де мәселелер бойынша Еркебұлан Исаевпен байланысыңыз, +7 (727) 2 500 000, ішкі 4516,yissayev@nurbank.kz

Қатысу туралы өтініш