Қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеуіне арналған шешімдерді сатып алу бойынша тендер

Қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеуіне арналған шешімдерді сатып алу бойынша тендер

Тендер түрі:
Ашық
Өткізілетін күн:
03.07.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
18:00
Алматы қ., Абай даңғылы, 10В
3 қабат, 310 кабинет
20.06.2025

Пакеттер мен ұсыныстарды жинақтау

Мерзімі
02.07.2025
Уақыты:
12:00-ге дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы, 10В, 204-кабинет

Тендерге қатысу үшін қызмет көрсетуші әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптар

Тендерге «Жеткізушілерге қойылатын талаптар» №2 Қосымшасында көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілер жіберіледі. Техникалық сипаттама №1 Қосымшада «Техникалық сипаттама» көрсетілген.

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері
  • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сай келуі
  • тендерге берілген өтінішінің тендерлік құжаттаманың техникалық айрықшамаларына сәйкес келуі
  • ұсынылған баға
  • төлем шарттары
  • жабдықты жеткізу мерзімі

Тендерге қатысу үшін қажетті құжат пакеттері

Заңдық құжаттар
  1. тендерге қатысуға берілетін өтініш
  2. құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаның тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәліктің (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркеуге тұрғаны туралы куәлік)  көшірмесі
  3. мемлекет лицензиялаған қандай да бір қызметті атқаруға берілген лицензиясының (егер сатылатын тауар/жұмыс/қызмет лицензиялануы тиіс болса) көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасымен)
  4. жеткізушінің уәкілетті тұлғасының – өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
  5. жеткізушінің уәкілетті өкіліне Тендерге қатысуына берген сенімхаты
Қаржылық құжаттар
  1. кемінде 12 айға ұсынған бағасы
  2. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында  мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын  анықтаманың түпнұсқасы
  3. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, заңды тұлғаның бір жылдық қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке кәсіпкердің салық декларациясының  көшірмелері
  4. жеткізушінің тіркелген мекеніндегі Салық комитетінен алынған  салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы
  5. материалдық-техникалық базасы туралы мәлімет
  6. Келісімшарт бойынша жеткізген кезде өзара есептерді «Нұрбанк» АҚ-дағы банктік шот арқылы жүргізуге берген келісімнің растамасы

 

Басқа құжаттар
  • техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімі
  • Алматы қ. өзінің сервис орталығының болуы немесе сервистік қолдау көрсететінін растайтын құжаттар мен өндіруші компанияның сервистік серіктесінің авторлау жасалған ресми өкілеттігінің болуы

Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімдерін дайындау мен ұсынуға қатысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендердің өткізілуі мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және шығындарды өтеуге міндетті емес. 

Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін ерекше атаймыз.

Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлға тендерге қатыспаған кезде, оның қатысуынсыз жүргізілетін болады.

Техникалық тапсырмаға сәйкес құжаттарды дайындауға қатысты сұрақтар бойынша келесі тұлғаға хабарласуыңызды сұраймыз:

Кальсин Виталий Игоревич, +7 (727) 2 500 000, (ішкі 4406) , vkalsin@nurbank.kz

Қатысуға өтінім