Тендерге «Жеткізушілерге қойылатын талаптар» №2 Қосымшасында көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілер жіберіледі. Техникалық сипаттама №1 Қосымшада «Техникалық сипаттама» көрсетілген.
Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімдерін дайындау мен ұсынуға қатысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендердің өткізілуі мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және шығындарды өтеуге міндетті емес.
Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін ерекше атаймыз.
Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлға тендерге қатыспаған кезде, оның қатысуынсыз жүргізілетін болады.
Техникалық тапсырмаға сәйкес құжаттарды дайындауға қатысты сұрақтар бойынша келесі тұлғаға хабарласуыңызды сұраймыз:
Кальсин Виталий Игоревич, +7 (727) 2 500 000, (ішкі 4406) , vkalsin@nurbank.kz