Телефон жабдықтарын сатып алуға арналған ашық тендер

Телефон жабдықтарын сатып алуға арналған ашық тендер

Тендер түрі:
Ашық
Өткізілетін күн:
03.07.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
18:00
Алматы қ., Абай даңғылы, 10В
3 қабат, 310 кабинет
20.06.2025

Пакеттер мен ұсыныстарды жинақтау

Мерзімі
02.07.2025
Уақыты:
12:00-ге дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы, 10В, 204-кабинет

Лот №1.  Телефония өзегі - инсталляциялық жұмыстары бар Автоматты телефон стансасының (АТС) бағдарламалық-аппараттық кешені (БАК), топтама

  • Техникалық сипаттамаға сәйкес АТС-тың төрт мамандардырылған сервері
  • Техникалық сипаттамаға сәйкес ISDN PRI E1 сыртқы шлюздері

Лот №2. IP SIP телефон аппараттары:

  • Техникалық сипаттамаға сәйкес топтамада path cord-пен 1-дәрежелі
  • Техникалық сипаттамаға сәйкес топтамада path cord-пен 2-дәрежелі
  • Техникалық сипаттамаға сәйкес SIP аппаратты кеңейту консольдері

Лот №3. Корпоративтік телефонияны жаңғыртуға арналған жабдықтар жиынтығы

Тендерге қатысу үшін қызмет көрсетуші әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптар

Техникалық ерекшеліктер №2, №3 және №4 қосымшаларда көрсетілген «Техникалық сипаттама» құжатында баяндалған. 

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері
  • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сай келуі
  • тендерге берілген өтінішінің тендерлік құжаттаманың техникалық айрықшамаларына сәйкес келуі
  • ұсынылған баға
  • төлем шарттары
  • жабдықты жеткізу мерзімі

Тендерге қатысу үшін қажетті құжат пакеттері

Заңдық құжаттар
  1. тендерге қатысуға берілетін өтініш
  2. құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаның тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәліктің (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркеуге тұрғаны туралы куәлік)  көшірмелері
  3. мемлекет лицензиялаған қандай да бір қызметті атқаруға берілген лицензиясының (егер сатылатын тауар/жұмыс/қызмет лицензиялануы тиіс болса) көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасымен)
  4. жеткізушінің уәкілетті тұлғасының – өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
  5. жеткізушінің уәкілетті өкіліне Тендерге қатысуына берген сенімхаты
Қаржылық құжаттар
  1. кемінде 12 айға арналған баға ұсынысы;
  2. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында  мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын  анықтаманың түпнұсқасы
  3. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, заңды тұлғаның бір жылдық қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке тұлғаның салық декларациясының  көшірмелері
  4. жеткізушінің тіркелген мекеніндегі Салық комитетінен алынған  салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы
  5. материалдық-техникалық базасы туралы мәлімет
  6. Келісімшарт бойынша жеткізген кезде өзара есеп айырысуды «Нұрбанк» АҚ-дағы банктік шот арқылы жүргізу туралы келісімнің растамасы
Басқа құжаттар
  • техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімі
  • Алматы қ. өзінің сервис орталығының болуы немесе сервистік қолдау көрсететінін растайтын құжаттар мен өндіруші компанияның сервистік серіктесінің авторлау жасалған ресми өкілеттігінің болуы

Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімдерін дайындау мен ұсынуға қатысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендердің өткізілуі мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және шығындарды өтеуге міндетті емес. 

Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін ерекше атаймыз.

Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлға тендерге қатыспаған кезде, оның қатысуынсыз жүргізілетін болады.

Техникалық тапсырмаға сәйкес құжаттамалардың жиынтығын құруға қатысты мәселелер бойынша Владимир Коломийцевке, Дмитрий Лузинге хабарласаңыздар:

+7 (727)2 500 000, ішкі 5701, ішкі 5555, vkolomiitsev@nurbank.kz, dluzin@nurbank.kz 

Қатысуға өтінім