Сатып алынатын тауарлардың/қызметтердің атаулары Сатып алуға арналған техникалық айрықшама деп аталатын №2 Қосымшада, Сатып алуға арналған техникалық айрықшама - №3 Қосымшада келтірілген.
Тендерге қатысуға әлеуетті жеткізушіге қойылатын талаптар деген №1 Қосымшада баяндалған өлшемдерге сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.
Келісімшарт жасалған жағдайда Банкке келесі құжаттарды беру қажет болады:
Банктің Тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты әлеуетті қызметтерді жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екендігін ескертеміз.
«Нұрбанк» АҚ тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің өткізілмейтіні немесе кейінге қалдырылғаны туралы жазбаша хабарламасын жібере отырып, тендерді өткізбеуге немесе кейінге қалдыруға құқылы.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті қызмет ұсынушының өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.
Техникалық тапсырма бойынша өзге де құжаттама пакетін қалыптастыру мәселелері бойынша Оспанбаев Сабитке хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (727) 2 500 000, (ішкі 4000), sospanbayev@nurbank.kz