Қызметкерлерге медициналық сақтандыру қызметтерін сатып алу

Қызметкерлерге медициналық сақтандыру қызметтерін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
31.07.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
16:30
Алматы қ., Абай даңғылы, 10В
3 қабат, 310 кабинет
14.07.2025

Пакеттер мен ұсыныстарды жинақтау

Мерзімі
29.07.2025
Уақыты:
12:00-ге дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы, 10В, 204-кабинет

Тендерге қатысу үшін қызмет көрсетуші әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптар

  • ҚР-да ерікті медициналық сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыруға құқық беретін қолданыстағы лицензиялар
  • ҚР нарығындағы ең төменгі өтілі - 5 жыл;
  • штаты 500 адамнан асатын корпоративтік клиенттер үшін ЕМС көрсету тәжірибесі
  • Арнайы мамандарға тікелей жазылу мүмкіндігі бар Алматы және Астана қалаларындағы тікелей қол жеткізу клиникалары болу
  • Қазақстан Республикасының Шымкент, Жетісай, Түркістан облысының Ақсукент а.,  Сарыағаш, Түркістан, Атырау, Құлсары, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Ақтау, Жаңаөзен, Ақтөбе, Қостанай, Жітіқара, Көкшетау, Щучинск, Петропавл, Павлодар, Екібастұз, Талдықорған, Жаркент, Орал, Семей, Тараз қалаларында/елді мекендерінде филиалдары немесе медициналық мекемелермен келісімшарттық қатынастары болуы
  • 24/7 жұмыс істейтін call-орталығы болуы;
  • Сақтандырылушының мобильді қосымшасының немесе жеке кабинетінің болуы
  • Өзара әрекеттесуді үйлестіру үшін жеке менеджерді ұсыну
  • Сақтандырылған жұмыскерлердің өтініштері бойынша тоқсан сайынғы және қорытынды есептілікті ұсыну
  • Банк кабинет ұсынған жағдайда, Алматы қаласындағы кеңседе отбасылық дәрігердің аптасына екі рет жарты күннен жұмыс істеуін қамтамасыз ету
  • Алматы қаласындағы кеңсе үшін кемінде 2 дана дәрі-дәрмек қобдишасын ұсыну
  • Келісімшарттың қолданылу мерзімінде жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерін қосу
  • Қызметтердің айырықшамасында көрсетілген бағдарламаларының талаптарына сәйкес отбасы мүшелерін қосу мүмкіндігі
  • Фитнес орталықтарына корпоративтік жеңілдіктер беру
  • Қызметтерді №1 Қосымшаға Техникалық айырықшамаға сәйкес 3 санат бөлінісінде көрсету

Тендерге қатысу үшін қажетті құжат пакеттері

Заң құжаттамасы
  1. тендерге қатысу туралы өтінім
  2. құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің (Жарғы, қосалқы құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік) көшірмелері
  3. мемлекет лицензиялайтын қандай болса да қызмет жүргізу лицензиясының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы) (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша қызмет лицензиялануға жататын болса)
  4. уәкілетті тұлға – жеткізушінің өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
  5. жеткізушінің Тендерге қатысу үшін уәкілетті тұлғаға берген сенімхаты
Қаржы құжаттамасы
  1. Бір жылға баға ұсыныстары
  2. қызмет көрсетуші банктен үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешегінің жоқ екендігін растайтын анықтаманың түпнұсқасы
  3. заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, бір жыл үшін заңды тұлғаларға арналған қаржы есептіліктердің, мөр болған жағдайда мөрмен бекітілген, жеке кәсіпкерлерге арналған салық мағлұмдамаларының көшірмелері
  4. жеткізушінің тіркелген жері бойынша Салық комитетінің салық төлемдері бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы
  5. материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер
  6. «Нұрбанк» АҚ-ға банктік шот арқылы Келісімшарт бойынша жеткізу кезінде өзара есеп айырысуды жүзеге асыруға келісімін растау
Критерии оценки тендерных заявок:
  • соответствие потенциального поставщика вышеуказанным требованиям
  • соответствие тендерной заявки техническим спецификациям тендерной документации
  • предлагаемая цена
  • условия оплаты
  • сроки поставки лицензий

Банктің Тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты әлеуетті қызметтерді жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екендігін ескертеміз

«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінімдер берген әлеуетті жеткізушілерді тендердің болмайтыны немесе өткізілудің жаңа күнін көрсете отырып ауыстырылғаны туралы жазбаша хабардар ету арқылы тендердің өткізілуін болдырмауға немесе кейінге қалдыруға құқылы

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы

Тендер әлеуетті қызмет ұсынушының өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады

Байланыс тұлғасы: Мақанова Меруерт Серікқалиқызы, +7 (7272) 599-710, ішкі 5495, mmakanova@nurbank.kz

Қатысуға өтінім