Банктің жарнамалық-ақпараттық материалдарын Google, Яндекс, META, TikTok жүйелерінде (бұдан әрі - Жүйелер) іске қосу және орналастыру үшін аталған Жүйелерде жарнамалық аккаунттар құру және толықтыру қызметтерін сатып алу.
Кезең: 2025 жылдың қазан айы – 2026 жылдың наурыз айы.
Төлеу шарты: алдын ала жасалған келісім шеңберінде өтінім негізінде 100% алдын ала төлеу
Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындауға және беруге байланысты барлық шығыстарды тендерді өткізу сипатына, оның нәтижесіне қарамастан көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы ол шығыстар бойынша өзіне міндеттеме алмайды.
«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендер өткізілмейтіні, өткізілетін жаңа күнін көрсете отырып, тендер басқа күнге қалдырылғаны туралы хабарлай отырып, тендерді кейінге қалдыруға немесе өткізуден бас тартуға құқылы.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді қабылдау мерзімінің соңына дейін өз өтінімін түзетуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе, егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспайтын болса, оның қатысуынсыз өткізіледі.
Құқықтық және қаржылық құжаттамалар топтамасын дайындау мәселелері бойынша Владимир Морозовқа хабарласыңыз: +7 (727) 250-00-00, ішкі 5385, vmorozov@nurbank.kz.
Баға ұсынысы мен өзге де сұрақтар бойынша Наталья Анкудиноваға жүгініңіз: 8 (727) 2-599-710, ішкі 5840; моб. +7 701 224-28-95, nankudinova@nurbank.kz.