Мыс ажыратқыштар сатып алу

Мыс ажыратқыштар сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
03.10.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
18:00
Алматы қ., Абай даңғ., 10В
3-қабат, 310-кабинет
18.09.2025

Ұсыныстар мен жиынтықтарды жинау

Мерзімі:
02.10.2025
Уақыт:
12:00-ге (қоса алғанда) дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы 10В, 204-кабинет, кеңсе

Тендерге жеткізушіге қойылатын талаптардың өлшемдеріне жауап бере алатын әлеуетті жеткізушілер жіберіледі

Алдын ала тендерге берілген өтінімдерді бағалаудағы өлшемдер
  • алдын ала тендерге берілген өтінішінің тендерлік құжаттаманың техникалық айрықшамаларына сәйкес келуі
  • ұсынылған баға
  • төлем шарттары
  • жабдықты жеткізу мерзімі

Тендерге қатысу үшін құжаттардың келесі топтамаларын тапсыру қажет

Заңдық құжаттар

тендерге қатысуға берілетін өтініш;

құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаның тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәліктің (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркеуге тұрғаны туралы куәлік)  көшірмесі;

мемлекет лицензиялаған қандай да бір қызметті атқаруға берілген лицензиясының (егер сатылатын тауар/жұмыс/қызмет лицензиялануы тиіс болса) көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасымен);

жеткізушінің уәкілетті тұлғасының – өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

жеткізушінің уәкілетті өкіліне Тендерге қатысуына берген сенімхаты.

Қаржылық құжаттама
  1. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында  мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын  анықтаманың түпнұсқасы
  2. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, заңды тұлғаның бір жылдық қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке кәсіпкердің салық декларациясының  көшірмелері
  3. жеткізушінің тіркелген мекеніндегі Салық комитетінен алынған  салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы
  4. материалдық-техникалық базасы туралы мәлімет
  5. Келісімшарт бойынша жеткізген кезде өзара есептерді «Нұрбанк» АҚ-дағы банктік шот арқылы жүргізуге берген келісімнің растамасы
Басқа құжаттама
  • техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімі.
  • Алматы қ. өзінің сервис орталығының болуы немесе сервистік қолдау көрсететінін растайтын құжаттар мен өндіруші компанияның сервистік серіктесінің авторлау жасалған ресми өкілеттігінің болуы.

Банктің тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарауға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты ықтимал қызмет жеткізушілеріне немесе тендерлік өтінімдерді қарауға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын кез келген басқа тұлғаларға жария етпеуге құқылы екенін атап өтеміз.

Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімдерін дайындау мен ұсынуға қатысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендердің өткізілуі мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және шығындарды өтеуге міндетті емес

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді беру үшін соңғы мерзім аяқталғанға дейін өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті қызмет жеткізушісінің уәкілетті өкілінің қатысуымен немесе онсыз, егер уәкілетті өкіл тендерге қатыспайтын болса, өткізіледі.

Тапсырманың техникалық ерекшелігіне сәйкес құжаттар пакетін қалыптастыру бойынша сұрақтар үшін хабарласыңыз:

+7 (727)2 500 000, ішкі нөмір 4406, vkalsin@nurbank.kz

Техникалық сипаттама

Жеткізушіге қойылатын талаптар

Қатысуға өтінім