Электрондық құжат айналымы жүйесін сатып алу

Электрондық құжат айналымы жүйесін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
09.10.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
16:30
Алматы қ., Абай даңғ., 10В
3 этаж, кабинет 310
19.09.2025

Ұсыныстар мен жиынтықтарды жинау

Мерзімі:
08.10.2025ж.,
Уақыт:
сағат 12:00-ге дейін
Мекенжайы:
Алматы қ., 10 В, 204-ші кабинетте (кеңсе) қабылданады

Тендерге төмендегі қосымшаларда көрсетілген критерийлерге сай келетін әлеуетті жеткізушілер қатыса алады:

  • №1 Қосымша Жеткізушіге қойылатын талаптар.

Техникалық айырықшама мына қосымшада келтірілген;

  • №2 Қосымша Техникалық айырықшама

Тендерге қатысу үшін құжаттардың келесі топтамаларын тапсыру қажет

Заңдық құжаттар
  1. заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есептік тіркеуге алынғаны туралы куәлік) тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін
  2. Мемлекет қайсыбір қызметпен (тауар/жұмыс/қызметтер сатып алу үшін лицензия керек қызметтер) айналысуға берген лицензиясының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын қоса) көшірмесін
  3. жеткізушінің өкілі -  уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі
  4. жеткізуші уәкілетті тұлғасына Тендерге қатысу үшін берген сенімхатын тапсыру керек
Қаржылық құжаттар
  1. ұсынған бағасы
  2. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында  мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын  анықтаманың түпнұсқасы
  3. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, заңды тұлғаның бір жылдық қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке кәсіпкердің салық декларациясының  көшірмелері
  4. жеткізушінің тіркелген мекеніндегі Салық комитетінен алынған  салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы
  5. материалдық-техникалық базасы туралы мәлімет;
  6. Келісімшарт бойынша жеткізген кезде өзара есептерді «Нұрбанк» АҚ-дағы банктік шот арқылы жүргізуге берген келісімнің растамасы.
Басқа құжаттар
  • техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімі.
  • Алматы қ. өзінің сервис орталығының болуы немесе сервистік қолдау көрсететінін растайтын құжаттар мен өндіруші компанияның сервистік серіктесінің авторлау жасалған ресми өкілеттігінің болуы.

Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімдерін дайындау мен ұсынуға қатысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендердің өткізілуі мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және шығындарды өтеуге міндетті емес.

Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін ерекше атаймыз.

Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Алдын ала тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлға тендерге қатыспаған кезде, оның қатысуынсыз жүргізілетін болады.

Тендерлік құжаттама пакетін қалыптастыру мәселелері бойынша Морозов В. В.-ға жүгінуіңізді сұраймыз:

+7 (727) 2500-000 ішкі 5385, vmorozov@nurbank.kz

Техникалық тапсырмаға сәйкес құжаттамалар топтамасын жасақтау жөніндегі сұрақтармен келесі жұмыскерлерге хабарласуға болады:

Қасымов Сәкенге +7 (708) 225-11-28, email: skassymov@nurbank.kz

Қатысуға өтінім