1-Лот: Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Пригородный ауылы, н/ж мекенжайында орналасқан жылжымайтын мүлік – мұнай базасына тәулік бойы қарусыз физикалық күзету.
Күзет бекеттерінің саны – 2 (екі)
Келісімшарт(тар) жасалатын компания(-лар) Тапсырыс берушінің тауар-материалдық құндылықтарына, мүлкі мен ақша қаражатына ұрлық, тонау немесе қарақшылық шабуыл салдарынан келген, сондай-ақ күзетке алынған нысандар мен жайлардың ілмектерін, құлыптарын, есіктерін, терезелерін, витриналары мен қоршауларын бұзу арқылы және басқа да жолдармен үшінші бір тұлғалар тарабынан жасалған Тапсырыс берушінің тауар-материалдық құндылықтары мен мүлігінің бұзылуынан болған, соның ішінде нысанның күзетімен тікелей айналысатын жұмыскердің кінәсінен келген залалдар үшін Орындаушы жауапқа тартылады. Орындаушы Тапсырыс берушіге Келісімшартта көрсетілген мерзімдерде барлық залалдарды толық көлемде өтеп береді.
Әлеуетті Жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындауға және ұсынуға байланысты орын алған барлық шығындарды өзі көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия тендерді өткізудің сипатына және тендер нәтижелеріне қарамастан, бұл шығындар үшін жауап бермейді жәнге міндеттелмейді.
Өз тарапымыздан «Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінімдерді берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің күшін жою немесе жаңа күнді көрсете отырып, кейінге қалдыру туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, тендерді тоқтатуға немесе кейінге қалдыруға құқылы екенін ескертеміз.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің өтінімін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе уәкілетті тұлғаның тендерге қатыспағанына қарамастан, өткізіледі.
Тендердің «SKYPE» бағдарламалық қамтамасы көмегімен қашықтан өткізілетінін қосымша хабарлаймыз.
Бағаға қатысты ұсыныстарға қатысты мәселелер және басқа сауалдар бойынша Батырлан Ахметович Токтабаевқа хабарласыңыздар,
тел : 8 (727) 2 599-710 ішкі 5650, ұялы тел. + 7 707 788 77 78, email: BTOKTABAEV@NURBANK.KZ.