DWH енгізу қызметтерін сатып алу

DWH енгізу қызметтерін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
20.11.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
18:00
Алматы қ., Абай даңғ., 10В
3-ші қабат
03.11.2025

Пакеттер мен ұсыныстар жинағы

Мерзімі:
19.11.2025
Уақыт:
12:00-ге дейін
Мекенжай:
Абай даңғ., 10 «В», кеңсе, №204 кабинет

Тендерге төмендегі қосымшаларда көрсетілген критерийлерге сай келетін әлеуетті жеткізушілер қатыса алады:

  • №1 Қосымша Жеткізушіге қойылатын талаптар.

 

Техникалық айырықшама мына қосымшада келтірілген;

  • №2 Қосымша Техникалық айырықшама.

Тендерге қатысу үшін құжат топтамалары

Заңды құжаттама
  1. тендерге қатысуға берілетін өтінімін
  2. заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есептік тіркеуге алынғаны туралы куәлік) тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін
  3. Мемлекет қайсыбір қызметпен (тауар/жұмыс/қызметтер сатып алу үшін лицензия керек қызметтер) айналысуға берген лицензиясының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын қоса) көшірмесін
  4. жеткізушінің өкілі -  уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі
  5. жеткізуші уәкілетті тұлғасына Тендерге қатысу үшін берген сенімхатын тапсыру керек
Қаржылық құжаттар
  1. баға ұсынысы
  2. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын анықтамалардың түпнұсқасын
  3. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған заңды тұлғаның қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке кәсіпкердің салық мағлұмдамасының, мөрі бар болса, мөрімен расталған көшірмелерін
  4. үміткердің тіркелген жергілікті Салық комитетінің салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасын
  5. материалдық-техникалық базасының бар-жоғы туралы мәліметті
  6. Келісімшарт бойынша тауарды жеткізген кезде «Нұрбанк» АҚ есеп айырысу шоты арқылы өзара есеп айырысуға берген келісімінің растамасын тапсыру керек

Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімдерін дайындау мен ұсынуға қатысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендердің өткізілуі мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және шығындарды өтеуге міндетті емес

Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін ерекше атаймыз.

Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлға тендерге қатыспаған кезде, оның қатысуынсыз жүргізілетін болады.

Техникалық тапсырмаға сәйкес құжаттамалар топтамасын жасақтау жөніндегі сұрақтармен келесі жұмыскерге хабарласуға болады:

Искалиев Арман +7 (702) 617 31 38, aiskaliyev@nurbank.kz

Тендерлік құжаттар топтамасын әзірлеу және тендерлік рәсімдер бойынша сұрақтармен келесі жұмыскерге хабарласуға болады

Морозов Владимир +7 (727) 250 00 00, вн. 5385, vmorozov@nurbank.kz

Қатысуға өтінім