Кеңсе тауарларын сатып алу

Кеңсе тауарларын сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
12.03.2026
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
16:00
Алматы қ., Абай даңғылы 10
3 этаж, кабинет 310
27.02.2026

Ұсыныстар мен жиынтықтарды жинау

Мерзімі:
11.03.2026
Уақыт:
12:00-ге (қоса алғанда) дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы 10В, 204 кабинет

Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар

  • Тауар 1-Қосымшаға сәйкес тізімге және сипаттамаға сәйкес болуы тиіс.
  • Қазақстанның 16 қаласына (Атырау, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Талдықорған, Шымкент, Орал, Алматы) және Бас банкке тегін жеткізуді жүзеге асыру;
  • тауардың қажетті санының бар болуы;
  • тауарды ай сайын жеткізу мүмкіндігі;
  • «Нұрбанк» АҚ-да шот ашу;
  • кәсіби құзыреттілігі, жеткізу келісімшартына сәйкес міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржы, материалдық және еңбек ресурстары болуы тиіс;
  • төлеуге қабілетті, таратылуға жатпайтын болуы тиіс, оның мүлкіне тыйым салынбаған, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тоқтатылмаған болуы тиіс;
  • Жеткізуші тендерлік өтінімін дайындау мен беруге байланысты барлық шығындарды өзі көтереді, ал банк пен тендерлік комиссия тендердің өткізілу сипаты мен қорытындыларына қарамастан, осы шығындар бойынша міндеттемелерді өзіне алмайды және жауап бермейді.  
Заңдық құжаттар
  1. тендерге қатысуға берілген белгіленген формадағы өтінім;
  2. құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік) нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
  3. мемлекет лицензиялайтын қызметтің (сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер лицензиялауы тиіс болса) қандай да бір түрін жүргізуге арналған лицензияның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы);
  4. уәкілетті тұлға – жеткізуші өкілінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырған көшірмесі;
  5. бірінші басшының жеке басын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырған көшірмесі;
  6. жеткізушінің уәкілетті тұлғасына Тендерге қатысуға берген сенімхаты.  
Қаржылық құжаттар
  1. қызмет көрсететін банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткерде банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектердің жоқ екенін растайтын анықтаманың түпнұсқасы;
  2. заңды тұлғалардың бір жылғы қаржылық есептілігінің заңды тұлғаның мөрімен расталған көшірмелері, бар болса мөрімен расталған жеке кәсіпкердің салық декларациясының көшірмелері;
  3. жеткізуші тіркелген орын бойынша Салық комитетінің салық төлеуге қатысты берешектердің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;
  4. үміткермен қарым-қатынас жасаған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, онда қарым-қатынастың сипаттамасы мен сонымен бірге оның міндеттерін (бар болса) уақтылы және толық орындауға берген бағасы көрсетілуі тиіс;
  5. материалдық-техникалық базасы туралы мәлімет
  6. ұсынған бағасы;
  7. Тендерге дейінгі 2 (екі) жылдағы Корпоративтік табыс салығы декларациясының көшірмесі. Алдыңғы екі жылдағы салық есебінде шығындар болған жағдайда, қатысушы ұсынылған тауардың/қызметтің бағасының негіздемесін тапсыруы тиіс (кейін халықаралық іскерлік операцияның нысаны болатын тауар/жұмыс/қызмет сатылымдары бойынша).
Басқа құжаттама
  • тауардың  сипаттамасы, жеткізу шарттары, мерзімдері

Банктің тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты ықтимал қызметтерді жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екендігін ескертеміз.

«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінімдер берген ықтимал жеткізушілерді тендердің болмайтыны немесе өткізілудің жаңа күнін көрсете отырып ауыстырылғаны туралы жазбаша хабардар ету арқылы тендердің өткізілуін болдырмауға немесе кейінге қалдыруға құқылы.

Ықтимал жеткізуші тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Байланысқа шығатын тұлға:

Баға ұсыныстары және құжаттар топтамасына байланысты мәселелер бойынша:

  • +7 (7272) 599-710 ішкі нөмір 4654, +7 7012218873  тел. арқылы e-mail: mzhanguzhinova@nurbank.kz М.С. Жангужиновамен хабарласа аласыз.
  • +7 (7272) 599-710 ішкі нөмір 5628, +7 7027505080 тел. арқылы e-mail: adanilova@nurbank.kz А.А.Даниловамен хабарласа аласыз.

Қатысуға өтінім