Жеке және заңды тұлғалардың операциялық қызмет көрсетуінің бас менеджері

Жеке және заңды тұлғалардың операциялық қызмет көрсетуінің бас менеджері

Операциялық қызмет
Өскемен
Вакансияға жауап беру

Міндеттері:

  1. Клиенттерге операциялық қызмет көрсету: жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, соның ішінде VIP санаттағы клиенттер, филиалдар мен заңды тұлғалардың өкілдіктері, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, жеке сот орындаушылары, нотариустар, адвокаттар және кәсіби медиаторлар (бұдан әрі – Клиенттер).
  2. Клиенттерге кеңес беру, соның ішінде Автоматтандырылған банк ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АБАЖ) операцияларды жүргізу.
  3. Клиенттің табыс легализациясы (заңсыз жолмен алынған табыстарды заңдастыру) және терроризмді қаржыландыруды жүзеге асыруға қатысты бастапқы бағасын жүргізу.
  4. Банк операциялық күні жүйесінде Клиенттердің банктік шоттары мен салымдарын/депозиттерін ашу.
  5. Клиенттің Өтінішіне сәйкес АБАЖ-да банктік шоттарды/салымдарды жабу.
  6. Клиенттердің карточкаларын ашу, банктік шоттарды/салымдарды АБАЖ-да жүргізу.
  7. Ұлттық және шетел валюталарында төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру үшін Клиенттің нұсқаулары/өтініштерін қабылдау, тексеру және орындау.

Білім: 

  • жоғары.

Жұмыс тәжірибесі:

  • БҚҰ және Банктің операциялық бөлімшелерінде кемінде 6 (алты) ай немесе банктік құрылымдағы жалпы еңбек өтілі кемінде 1 (бір) жыл. 

Қызметтік міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті жалпы білім/дағдылар:

  1. компьютерде жұмыс істеу дағдылары, MS Office стандартты пакетінің негізгі бағдарламаларын білу (пайдаланушы);
  2. іскерлік қарым-қатынас этикасының дағдылары;   
  3. сауатты жазбаша және ауызша сөйлеу; 
  4. еңбек қорғау ережелері мен нормаларын, еңбек ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы, ішкі еңбек тәртібі ережелерін білу.
13.12.2024
Вакансияға жауап беру
PDF, DOC, DOCX немесе PPTX форматындағы файлды тіркеңіз