Бөлім қызметін басқару, қызметкерлер арасында функционалдық міндеттерді тиімді бөлу.
Бөлім қызметінің барлық учаскелерінде бақылау ұйымдастыру және жүргізілетін жұмыстардың құпиялылық деңгейін қамтамасыз ету.
Бөлім қызметін зерттеу, қорытындылау және талдау, жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау.
Төлем карточкалары бойынша жалақы жобаларына жаңа клиенттерді тарту және қолданыстағы клиенттерді ұстап қалу үшін кәсіби кеңестер, презентациялар өткізу. Потенциалды және қазіргі клиенттердің қызметін зерттеу, олардың қаржылық қызметтерге қажеттіліктерін анықтау.
Банкоматтар мен POS-терминалдарды/Төлем терминалдарын орналастыру үшін жаңа серіктестерді жоспарлау, іздеу және тарту.
Банкоматтар/POS-терминалдар/ Төлем терминалдарының жұмысқа қабілеттілігіне ағымдағы бақылау жүргізу және оларды тиімді пайдалану, банкоматтар/Төлем терминалдарының сыртқы түріне тазалық және бүтіндіқ деңгейін қамтамасыз ету.
Банкоматтар /POS-терминалдар/ Төлем терминалдарын орнату бойынша серіктестермен жалға алу шарттарын жасау/ұзарту/тоқтату процесін ұйымдастыру және серіктестердің міндеттемелерінің орындалуын бақылау.
жоғары қаржылық/ экономикалық / маркетингтік/ техникалық/құқықтық және басқа жоғары білім;
ішкі кандидаттарды ауыстырғанда жоғары білім.
банк немесе қаржы құрылымында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі;
басқа жоғары білім болған жағдайда банк немесе қаржы құрылымында карточкалық бизнесте кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі.