AO «Нұрбанк» акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында қабылданған шешімдер туралы

AO «Нұрбанк» акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында қабылданған шешімдер туралы

Осы арқылы «Нұрбанк» Акционерлік қоғамы (мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік № 3868-1900-АО 09.11.2004 ж.), мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В», 18.05.2015 ж. акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілгені туралы хабарлайды, дауыс беру қорытындылары бойынша төмендегідей шешімдер қабылданды:

1) «Нұрбанк» АҚ 2014 жылға арналған жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті бекіту;

2) «Нұрбанк» АҚ 2014 жылдың қорытындысы бойынша жеке жылдық қаржылық есептілікті бекіту;

3) «Нұрбанк» АҚ-ның 1 522 284 000,0 теңге сомасындағы таза табысын бөлмей, «Өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс (жабылмаған шығын)» шотына жіберу;

4) 2014 жылға арналған «Нұрбанк» АҚ қарапайым акциялары бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдау;

5) «Нұрбанк» АҚ 2015 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін «КПМГ Аудит» ЖШС аудиторлық ұйымы ретінде таңдау;

6) 2014 жылы акционерлердің «Нұрбанк» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне шағымдардың болмауы туралы ақпаратты қабылдау;

7) «Нұрбанк» АҚ акцияларын бағалау әдістемесін қайта қарастырғанын бекіту және 2008 жылдың 5 қыркүйегінде «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген акцияларды бағалау әдістемесін күші жойылды деп тану;

8) «Нұрбанк» АҚ Жарғысына №6 өзгертулер мен толықтыруларды бекіту және «Нұрбанк» АҚ Басқарма төрағасы Орынбаев Қантар Бекарұлына №6 өзгертулер мен толықтыруларды қол қоятынын өкілдік ету;

9) «Нұрбанк» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне өзгертулер мен толықтыруларды бекіту, акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен (2014 жылғы 29 сәуірдегі хаттаманың №10 үзіндісіне сәйкес) бекітілген;

10) 2014 жыл үшін «Нұрбанк» АҚ Директорлар Кеңесі мен Басқарма мүшелеріне сыйақы мөлшері мен мазмұны туралы ақпаратты қабылдау.

21.05.2015