«Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің өткен отырысында Басқарманың жаңа Төрағасы болып Сарсенов Эльдар Рашитұлы сайланды, ол ресми түрде қызметіне 2015 жылдың 30 қарашасында кіріседі.
«Нұрбанк» өз клиенттері үшін сапалы өнімдер мен қызметтерді дамытуға көңіл аударып, қолданыстағы даму саясатын ұстануды жалғастыра береді», – деді мырза Сарсенов.
Эльдар Сарсенов Suffolk University (Бостон, АҚШ) университетін бизнеспен басқару бакалавры дәрежесімен, сондай-ақ Northeastern University (Бостон, АҚШ) университетін бизнеспен басқару магистрі біліктілігімен бітірген. Маркетинг пен менеджмент саласында халықаралық тәжірибеге ие. Басқарма Төрағасы лауазымына кіріскенге дейін, мырза Сарсенов үш жыл бойы «Нұрбанк» АҚ басқарушы директоры болып, карталық бизнес, ақпараттық технологиялар, маркетинг, кадрларды дамыту, жарнама және қызмет көрсету сапасын қадағалады. Әр жылдары Швейцариялық сағат компаниясы TAG Heuer (АҚШ) маркетингін басқарған, ТОО «Helios» жанармай құю станциялары желісінде маркетинг менеджері көмекшісінен сату және маркетинг бойынша директор орынбасарына дейін жетті.
Сондай-ақ, Директорлар кеңесінің шешімімен 2015 жылдың 23 қарашасынан бастап банк басқармасы төрағасының орынбасары болып Зайыров Марат Зайырұлы тағайындалды.