Осы арқылы «Нұрбанк» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Республикалық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны» Маңғыстау өңірлік филиалының 2015 жылғы 27 шілдедегі №611210/1379 жазбаша ескертуін 2015 жылғы 03 тамызда алғанымызды хабарлайды. Бұл ескерту Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарды бұзғанымызға байланысты Ақтау қаласындағы Банк филиалы үшін беріліп отыр.