Құрметті «Нұрбанк» АҚ Клиенттері,
Жеке тұлғаларға арналған «Open24» Интернет-банкингінің жаңа нұсқасының іске қосылғанын қуана хабарлаймыз, дизайнды жаңартып, ыңғайлылығыңыз үшін жаңа мүмкіндіктер қостық.
Енді Интернет-банкингте жұмыс істеу бұрынғыдан да оңай, жеңіл және жылдам болды.
Интернет-банкинг алдыңғы нұсқасынан мүлдем өзгеше – жеңіл, «достық», түсінікті және логикалық құрылымға ие. Әрбір Клиент Интернет-банкингті интуитивті түрде қолдануы және оны дербестендіру мүмкіндігі болуы үшін жасаушылар бар күшін салды.
Интернет-банкингтің жаңа нұсқасында ыңғайлы және пайдалы функция – «ақпараттық виджеттер» іске асырылған, олар Клиенттің шоттарының жай-күйі, карталар тізімдері, банктен келген пошта хабарламалары т.б. туралы мәлімет көрсету мақсатында «Интернет-банкинг» жүйесінің басты терезесінде орналасады. Таңдау үшін келесі виджеттер ұсынылады:
Ақпараттық виджеттерді өзіңіз қосуға болады. Кейін ақпараттық виджеттердің мүмкіндіктері кеңейтілетін болады.
Тағы бір жаңалық – «Төлемдер» бөлімінің басты бетінде «Менің қызметтерім» тобы пайда болды. Белгілі бір қызмет төлемі процесін жылдамдату үшін болашақта оны қызметтер тізіміне қоса аласыз.
Қай қалада болсаңыз да, Сізге Қазақстанның барлық өңірлерінде төлемдер қолжетімді болды.
Біздің мамандар «Open24» Интернет-банкингінде жаңа қызықты шешімдер мен функционал қоса отырып, жұмыс істеуді жалғастыруда.
Жаңалықтарды оқып, жаңа әзірлемелеріміз туралы анонстар күтіңіз.
Жаңа нұсқаны қолданар алдында шолғыш кэшын тазалауды қатаң түрде ұсынамыз.
Бізбен бірге болғаныңызға рақмет!