«Нұрбанк» АҚ-ның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлемі туралы хабарлама

«Нұрбанк» АҚ-ның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлемі туралы хабарлама

«Нұрбанк» АҚ (әрі қарай - Банк) 2013 жыл үшін 2014 жылғы 23 желтоқсанда Банктің артықшылықты акциялары бойынша (ISIN – KZ1P33110118) бір артықшылықты акцияға 1000 теңге мөлшерінде дивидендтер төлемі туралы хабарлайды.

Қысқаша мәліметтер:

  1. Қоғам атауы – «Нұрбанк» АҚ;
  2. Орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 51-53;
  3. Банктік және өзге реквизиттер – СТН 151000015914, КИИK KZ61125KZT1001300296 ҚР Ұлттық банкі, КБе14, БИК NBRKKZKX, Банктің БИК NURSKZKX, БСН 930 940 000 164;
  4. Дивидендтер төленетін кезең – 2013 жыл;
  5. Артықшылықты акциялар иелерінің тізілімін тіркеу күні – 2014 жылғы 22 желтоқсан;
  6. Дивидендтер төлемінің күтілген күні – 2014 жылғы 23 желтоқсан;
  7. Дивидендтер төлеу тәртібі мен формасы – тізілімге сәйкес артықшылықты акциялар иелерінің есеп айырысу шоттарына аудару арқылы.
11.12.2014