«Атамекен» ЖЗҚ салымшыларына хабарлама

«Атамекен» ЖЗҚ салымшыларына хабарлама

Құрметті «Атамекен» ЖЗҚ салымшылары!

"Атамекен" ЖЗҚ АҚ сізге 2013 жылғы 12 шілдеден бастап (Алматы облыстық филиалынан басқа) "Атамекен" ЖЗҚ АҚ облыстық филиалдарының қызметі тоқтатылғанын хабарлайды.

Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамада көзделген барлық қызметтер «Атамекен» ЖЗҚ АҚ орталық кеңсесінде, мекенжайы: Алматы қ., Шевченко к-сі, 90 үй, Наурызбай батыр к-сінің қиылысы, «Қаратал» бизнес орталығы, 10-қабат (9:00-ден 18:00-ге дейін) көрсетіледі. Фонд қызметтері бойынша сұрақтарыңыз туындаса, «Қызметтер -> Жеке тұлғалар үшін» бөліміне өтуіңізді сұраймыз, онда сіздің назарыңызға егжей-тегжейлі ақпарат пен өтініш үлгілері ұсынылған.

Заңнамаға сәйкес зейнетақы жинақтары туралы ақпарат беріледі:

  • салымшының жеке жүгіну жолымен;
  • сенімхат бойынша өкілдің қатысуымен;
  • тиісті құжатты пошта байланысы арқылы жолдау арқылы.

Толық ақпарат үшін: http://www.npf.kz/?uin=1254390511&lang=rus
Алматы қаласындағы телефон бойынша: 250-19-87, 258-28-82
Электрондық пошта бойынша info@npf.kz
Call-орталық: 58-28-82 (Қазақстан бойынша бірыңғай нөмір).

18.07.2013