Шағын және орта бизнестің қолайлы өсуі әдетте қосымша қаржыландыруды талап етеді, ал кәсіпкерлердің ресурстары бұл үшін жеткіліксіз болатыны жиі кездеседі.
АҚ «Нұрбанк» басқарма төрағасының м.а. Сәкен Ахметовтың айтуынша, бизнесті дамытуға көмектесу үшін банктік несиелер қажет. Алайда сенімді банк әріптесін табу оңай емес, дейді ол.
— Сәкен Кәдірович, шағын және орта бизнесті несиелеу нарығында жағдай қалай қалыптасып отыр?
— Шағын және орта бизнесті қаржыландыру нарығы біртіндеп дағдарыстан шығып, қалпына келуде. Алайда оң несиелік тарихы мен жақсы жобалары бар қарыз алушылар аз болғандықтан, қалпына келу баяу жүруде.
— Банктің несиелік бағдарламалары әртүрлі, ал қарыз алушының шарттарды түсінуі әрқашан оңай емес. Уақыт жоғалтпай, ыңғайлы банк пен тиімді шарттарды қалай таңдауға болады?
— Мен ең алдымен несиелеу шарттары клиентке максималды ашық және түсінікті болатын банктерді таңдауға кеңес беремін. Бұл талаптарға Нұрбанктің несиелік бағдарламалары сәйкес келеді. Біздің банкте экспресс-өтінім қарастырылған, яғни жоба бойынша қысқаша қорытынды. Бұл өтінімді менеджер клиенттің қысқаша қаржылық есептілігіне, ұсынылған кепілдерге, қажет мөлшерге және жобаның қысқаша сипаттамасына негізделіп бірнеше сағат ішінде дайындайды. Содан кейін экспресс-өтінім банктің несиелік комитетінде қаралып, жобаны жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылданады. Экспресс-өтінімді құру және қарау процедурасы 2-ден 4 күнге дейін созылады. Бұл процедура клиентке құжаттардың толық жиынтығын жинау процедурасын жеңілдету үшін және уақытын едәуір үнемдеу үшін жасалды.
— АҚ «Нұрбанк» шағын және орта кәсіпкерлікке не ұсына алады?
— АҚ «Нұрбанк» шағын және орта кәсіпкерлікті (әрі қарай – ШОК) қолдау және дамыту бойынша барлық мемлекеттік бағдарламаларға дерлік қатысады, мысалы: «Бизнестің жол картасы-2020», АҚ «ФРП «Даму» қаражатынан клиенттерді қаржыландыру (тұрақтандырушы дамудың 2 және 3 транштары, Даму-аймақтар, Даму-аймақтар-2) төмен пайыздық ставкалармен, ауыл шаруашылығы министрлігінің желісі бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау, сондай-ақ банктің меншікті қаражатынан жылына 13-14 пайыздық мөлшерлеме бойынша қаржыландыру.
— Шағын және орта бизнеске арналған өнімдер ауқымы туралы толығырақ айтып бере аласыз ба?
— Қазіргі уақытта АҚ «Нұрбанк» ШОБ департаменті ШОБ субъектілерінің барлық қажеттіліктерін қарастыратын өнімдерді әзірледі. Мысалы, несиелік өнімдер айналым және негізгі қаражаттарды толықтыруға, коммерциялық жылжымайтын мүлік, көлік және бизнеске арналған арнайы техника сатып алуға бағытталған қаржыландыруды қарастырады. Сондай-ақ овердрафт, әртүрлі кепілдіктер, аккредитивтер, депозиттер және тағы басқа өнімдер бар.
— Қарыз алушыларға негізгі талаптарыңыз қандай?
— Біздің негізгі талаптарымыз — ашық табысты бизнестің болуы, оң несиелік тарих және жеткілікті кепілдік қамтамасыз ету.
— Шағын бизнесті несиелеудің аймақтық ерекшеліктері қандай?
— ШОБ несиелеудің аймақтық ерекшеліктері аймақтың салалық бағдарына байланысты. Мысалы: елдің солтүстігінде ШОБ негізінен ауылшаруашылығы бағытында, тиісінше, жобаны талдау мен клиент үшін оңтайлы шарттарды ұсыну үшін ауылшаруашылығы саласындағы білім қажет. Жалпы, әр аймақта ШОБ-тың негізгі қабатын сауда, құрылыс және өндіруші компаниялар құрайды.
— Жеке тұлғаларды несиелеу шағын және орта кәсіпорындармен жұмыс істеуден өзгеше ме?
— Айырмашылық бар. Жеке тұлғаларды қаржыландыру кезінде негізгі екпін қарыз алушының табысына, көбінесе жалақы ретінде жасалады, ал ШОК қаржыландыру кезінде клиенттің қаржылық есептілігін талдау, бизнес орнын қарау, сатылымдағы маусымдылықты тексеру, клиенттің бизнес мәніне терең ену және тек содан кейін шешім қабылдау қажет.
— Банк клиенттеріне тағы қандай бірегей немесе қосымша қызметтер ұсынады?
— Біздің бірегейлігіміз сол, біз кішігірім әрі соның нәтижесінде икемді банкпіз. Біздің басты басымдық клиенттің мүдделері. Біз клиенттерге жақын қолайлы жағдайлар жасап, икемдік танытуға дайынбыз.
Материалға сілтеме: http://www.np.kz/index.php?newsid=9623