Клиенттерге арналған жаңа қызмет

Клиенттерге арналған жаңа қызмет

Құрметті клиенттер!

«Нұрбанк» АҚ жетекші араб банкі - Mashreq Bank-та араб дирхамдарымен тікелей корреспонденттік шот ашылғанын хабарлауға қуанышты.

Mashreq Bank — Таяу Шығыстағы ең танымал әрі сенімді банктердің бірі. 1967 жылы құрылған, банк акциялары Дубай қор биржасында котталады. Бұл банк активтер көлемі бойынша Біріккен Араб Әмірліктеріндегі үшінші ірі банк.

Дирхам (AED) корреспонденттік шотын ашу мақсаты – клиенттеріміздің БӘӘ-дегі бизнесіне барынша ыңғайлы жағдай жасау.

Бұл корреспонденттік шот арқылы Банк клиенттердің төлемдерін делдал банктерсіз конверсиясыз тікелей БӘӘ-ге AED (араб дирхамдары) түрінде жүргізе алады.

29.08.2024