ЖСН және БСН туралы ақпаратты жинау туралы хабарлама

ЖСН және БСН туралы ақпаратты жинау туралы хабарлама

«Нұрбанк» АҚ құрметті клиенттері!

«Нұрбанк» АҚ Қазақстан Республикасының «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223-III ҚРЗ Заңының 3-бабының 4-тармағының 4 және 5-тармақшаларының 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуіне байланысты банк клиенттерінің құжаттарына жеке тұлғалардың Жеке Сәйкестендіру Нөмірлерінің (мәтін бойынша әрі қарай – ЖСН) және заңды тұлғалардың Бизнес Сәйкестендіру Нөмірлерінің (мәтін бойынша әрі қарай – БСН) ақпаратын жинау және қосу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлауын хабарлайды.

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында банктік шоттар ашу, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару, сонымен қатар салық міндеттемелерін орындау кезінде тек қана ЖСН/БСН қолданылатын болады және СТН мен ӘЖК қолдану тоқтатылады.

Өз мәліметтеріңізге ЖСН/БСН қосу үшін құжаттарыңызды банкке әкеліп, Банктік шот/салым шартына қосымша келісімге қол қоюды сұраймыз.

Егер:

  • Жеке тұлғада, жекеменшік кәсіпкерде, жеке нотариус немесе адвокатта ЖСН жоқ болса, Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) барып, жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыру туралы өтініш беру қажет;
  • Заңды тұлғалар мен бірлескен жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерде БСН жоқ болса, жаңа тіркеу куәлігін алу үшін тіркеуші органдарға бару қажет.

Сұрақтар туындаған жағдайда өз есепшоттыңыздың менеджеріне Банк қызмет көрсету орталығына немесе Банк филиалына хабарласуыңызды сұраймыз.

Өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжат пен мөр (қолын мөрмен растайтын Клиенттер үшін) алып жүру қажет.

Төлемдер мен ақша аударымдарының тиімді орындалуы үшін «Нұрбанк» АҚ жаңа реквизиттерді және олардың күшіне ену мерзімін Қазақстандағы және шетелдегі іскер серіктестеріңізге хабарлауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы серіктестеріңіздің жаңа банктік реквизиттерін алуды ұсынады.

Қосымша ақпарат алу үшін «Нұрбанк» АҚ Контакт орталығына cc@nurbank.kz мекенжайы бойынша және телефондар арқылы:
8 (727) 250-00-00
8 (727) 244-44-44 Алматы қаласының тұрғындары үшін
8 8000 800 900 Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындары үшін,
Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

30.06.2010