«Нұрбанк» АҚ акционерлік қоғамының акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарландыру

«Нұрбанк» АҚ акционерлік қоғамының акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарландыру

«Нұрбанк» акционерлік қоғамы (мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік №3868-1900-АҚ, 2004 жылғы 9 қарашада берілген), (бұдан әрі – Қоғам), мекенжайы: Алматы қ., Желтоксан көшесі, 168 «Б», «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің 2007 жылғы 4 қыркүйектегі шешіміне сәйкес, Сіздерді Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды. Жиналыс 2007 жылғы 11 қазанда сағат 11:00-де Алматы қ., Достық даңғ., 38, орналасқан «Кен Дала» бизнес орталығы ғимаратында өтеді, акционерлерді тіркеу сағат 10:30-да басталады.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2007 жылғы 8 қазандағы жағдай бойынша жасалады.

Күн тәртібі:

  1. Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелерін қайта сайлау, Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы мөлшері мен төлеу шарттарын белгілеу.
  2. Қоғамның Жарғысын жаңа редакцияда бекіту.
Алғашқы жиналыста кворум болмаған жағдайда, акционерлердің қайталама жалпы жиналысы келесі күні, 2007 жылғы 12 қазанда жоғарыда көрсетілген мекенжайда сол уақытта өтеді.

Жалпы жиналыс өткізу мәселелері бойынша немесе күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қажетті ақпаратпен (материалдармен) танысу үшін, Алматы қ., Достық даңғ., 38 мекенжайында орналасқан «Нұрбанк» АҚ кеңсесіне хабарласуыңызға болады,
тел.: 250-00-00
15.09.2007