Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы

«Нурбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2025 жылдың 21 ақпанында өтетіні туралы хабарлаймыз.

«Нурбанк» АҚ Директорлар кеңесі 2025 жылдың 16 қаңтарында келесі шешім қабылдады:

2025 жылдың 21 ақпанында астаналық уақыт бойынша сағат 10:00-де Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В» мекенжайында орналасқан «Нурбанк» АҚ ғимаратында «Нурбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру және өткізу. «Нурбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында кворум болмаған жағдайда, 2025 жылдың 24 ақпанында жоғарыда аталған мекенжайда астаналық уақыт бойынша сағат 10:00-де қайта кезектен тыс жалпы жиналыс өткізу. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 43-бабының 1-тармағына және «Нурбанк» АҚ Жарғысының 20-бабының 12-тармағына сәйкес, «Нурбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі келесі мәселелер бойынша құрылымдалсын: 1) Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту. 2) «Нурбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау. «Нурбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқылы акционерлердің тізімін жасау күнін 2025 жылдың 17 қаңтары деп белгілеу.

20.01.2025