Төлем мерзімін кейінге қалдыру

Төлем мерзімін кейінге қалдыру

Құрметті клиенттер! 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 8 «Төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру тәртібін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, "Нұрбанк" АҚ төтенше жағдай енгізілуінен зардап шеккен және2022 жылғы 5 қаңтардан бастап 31 қаңтарға дейінгі кезеңде Банкке өтініш жасаған жеке және заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге негізгі борыш пен есептелген сыйақы бойынша төлем мерзімін кейінге қалдырады. 

Кешіктіру мерзімдері әрбір зардап шеккенге жеке қаралады. 

Онлайн өтінім бере аласыз. 

Жеке тұлғаға арналған өтінім

Заңды тұлға/жеке кәсіпкерге арналған өтінім

Сондай-ақ банктің филиалдары мен бөлімдерінде өтінім бере аласыз.

 Заңды тұлғаларға арналған жазбаша өтініш

 Жеке тұлғаларға арналған жазбаша өтініш

13.01.2022