Нұрбанк цифрлық теңге сервистерін енгізді – цифрлық қаржыны дамытудың жаңа кезеңі

Нұрбанк цифрлық теңге сервистерін енгізді – цифрлық қаржыны дамытудың жаңа кезеңі

2025 жылдың маусымында «Нұрбанк» цифрлық теңге жүйесінің агент-банктерінің қатарына қосылды және бюджет қаражатының жұмсалуын таңбалау және қадағалау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық валютаның үшінші формасы – цифрлық теңгені енгізу бойынша пилоттық жобасының қатысушысы болды.

Осы жоба аясында Нұрбанк өз клиенттеріне филиалдарға барудың қажетінсіз және қағаз құжаттарын ұсынбай-ақ, «NurBusiness» интернет-банкингі арқылы толығымен қашықтағы форматта цифрлық теңгемен жұмыс істеу мүмкіндігін берген санаулы банктердің бірі болды. Ағымдағы жылдың шілде айында клиенттің алғашқы цифрлық шоты ашылып, цифрлық теңгемен алғашқы транзакциялар сәтті жүргізілді.

Бұл Нұрбанк клиенттері үшін нені білдіреді?

Цифрлық теңгені пайдалана отырып, бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік жобаларға қатысатын – заңды тұлғалар енді цифрлық форматта қаржыландырыла алады және қажет болған жағдайда цифрлық теңгені классикалық формаға (қолма-қол ақшасыз) айырбастай алады. Цифрлық теңгемен жұмыс істеу үдерісі толығымен онлайн форматында өтеді және корпоративті интернет-банкинг арқылы қолжетімді.  

Цифрлық теңгемен қол жетімді операциялар

Нұрбанк клиенттері цифрлық шот ашып, шоттағы цифрлық теңгенің қалдығы мен қозғалысын қадағалап, үзінді көшірме қалыптастыра алады. Сонымен қатар, цифрлық теңгені сатып алу- сатуды жүргізе алады, Нұрбанк немесе басқа банктердің клиенттеріне аударымдар жасай алады. Бір сөзбен айтқанда, цифрлық шотты дәстүрлі банк шоттарымен қатар басқара алады.

Цифрлық теңге туралы

Цифрлық теңге – қолма-қол және қолма-қол емес ақшамен қатар Қазақстанның ұлттық валютасының үшінші формасы. Цифрлық теңгенің эмитенті – ҚР Ұлттық Банкі. Цифрлық теңге бірегей цифрлық токендер немесе арнайы электронды әмияндарда сақталатын электронды жазбалар формасында шығарылады.

Цифрлық теңге жобасына қатысу Нұрбанктің цифрлық трансформация  мен төлем инфрақұрылымын дамыту бойынша стратегиялық бағытын жүзеге асырудағы маңызды қадам болып табылады.   

«Біз үшін цифрлық теңге бойынша пилоттық жобаға қатысу - еліміздің қаржы жүйесін дамытудың жаңа кезеңінің бөлігі болуға дайын екенімізді көрсететін стратегиялық шешім. Біз цифрлық есептесулерді қарапайым, қолжетімді болуын және клиенттің күнделікті ортасына толығымен интеграциялауға тырысамыз. Ұлттық Банктің бастамасын қолдай отырып, біз ең бастысы – қолайлылық пен клиенттердің Нұрбанкке сенімін сақтай отырып, заманауи, қауіпсіз және ашық төлемдер қолдануды қарастырудамыз», - деді Нұрбанк Басқармасының төрайымы Гульнара Мусатаева.

14.08.2025