Назар аударыңыз!
Әлеуметтік желілерде кредиттердің есептен шығарылуы туралы ақпарат тарады. Бұл — жалған ақпарат.
Өтінеміз, қауесеттерге сенбеңіз, ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіз және «мәселені шешіп береміз» деп уәде ететін делдалдарға жүгінбеңіз.
Еске саламыз: жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылған.
Дұрыс әрі сенімді ақпарат банктың ресми арналары арқылы ғана жарияланады — сайтта, әлеуметтік желілерде және байланыс орталығы арқылы.
Қаржыңызды қорғаңыз