Нұрбанк «Іскер Аймақ» бағдарламасына қосылды

Нұрбанк «Іскер Аймақ» бағдарламасына қосылды

Нұрбанк «Даму» қоры жүзеге асыратын шағын бизнесті қолдаудың «Іскер Аймақ» бірыңғай бағдарламасының қатысушысы болды. Бағдарлама шеңберінде Банк кәсіпкерлерге пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау мүмкіндігімен қаржыландыру ұсынатын болады.

Бағдарлама өңдеуші өнеркәсіп, азық-түлік өнімдерін және жиһаз өндірісі, сондай-ақ қолөнерді қоса алғанда, басым салалардағы микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолжетімді қаржыландырумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Бағдарлама шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға арналған қарыздарды субсидиялау көзделген. Қарыздың ең жоғары сомасы – 200 млн теңгеге дейін, субсидиялау мерзімі – 3 жылға дейін. Мемлекет сыйақы мөлшерлемесінің 40%-ын өтейді.

«Іскер Аймақ» бағдарламасына қатысу Банктің шағын және орта бизнесті, оның ішінде өңірлерде қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Біз кәсіпкерлер тарапынан қолжетімді кредиттік ресурстар мен қарыз құнын төмендету құралдарына тұрақты сұранысты байқап отырмыз», – деп Нұрбанк баспасөз қызметі хабарлады

02.04.2026