Су тасқындарынан зардап шеккен клиенттерге несиелер бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру

Су тасқындарынан зардап шеккен клиенттерге несиелер бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру

Құрметті клиенттер!

АҚ «Нұрбанк» төтенше жағдай аймақтарында зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында зардап шеккен қарыз алушыларға қолдау көрсету шараларын жүзеге асыруда:

— су тасқындарынан зардап шеккендер категориясына кіретін жеке тұлғаларға, жергілікті атқарушы органдардың тізіміне сәйкес, 2024 жылғы 1 сәуірден бастап 30 маусымға дейінгі 3 күнтізбелік айға қарызды өтеу мерзімі кейінге қалдырылады;

— су тасқындарының теріс әсерінен қаржылық жағдайы нашарлаған барлық зардап шеккен жеке қарыз алушылардың несиелері бойынша банк айыппұлдар мен өсімпұлдар өндіріп алудан бас тартады;

— су тасқындарынан шаруашылық қызметі бұзылған барлық зардап шеккен жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне, өтініш беру шартынан, несиелер бойынша төлемдер мерзімі кейінге қалдырылады.

Несиелер бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру үшін Банк бөлімшелеріне жүгіну немесе онлайн өтінім қалдыру қажет:

Жеке тұлғаларға өтінім

Заңды тұлға / жеке кәсіпкерлерге өтінім

Қосымша ақпарат алу үшін 2552 нөмірі бойынша Байланыс Орталығына хабарласуыңызды өтінеміз.

Бейненұсқаулық

 

 

08.04.2024