Ұлттық банктің сайтында жарияланған қаржылық көрсеткіштер бойынша түсініктеме

Ұлттық банктің сайтында жарияланған қаржылық көрсеткіштер бойынша түсініктеме

Бұрын хабарланғандай, 2020 жылдың сәуірінде Нұрбанк қаржылық тұрақтылықты арттыру бағдарламасына қатысып, қосымша резервтерді қалыптастыруға кірісті.

Банк 46,8 миллиард теңге мөлшерінде субординацияланған облигациялар орналастырып, олардың өтеу мерзімі 15 жылды құрайды. Бұл қаражаттар экономиканың нақты секторын несиелендіруге және қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, 2020 жылдың мамыр айында негізгі акционер банкке 20,038 миллиард теңге көлемінде қосымша капиталдандыру жасады. Бұл сенімділік пен қаржылық тұрақтылықтың артуына, таңдалған стратегияға сәйкес дамуы мен өсуіне ықпал етті.

Бұл шаралар AQR нәтижелері бойынша міндеттемелерді орындауға және проблемалық несиелерден болатын ықтимал шығындарды жабу үшін қорғаныш ретінде пайданың есебінен қалыптастырылатын қосымша резервтерді құруға мүмкіндік берді. Ол қаржылық нәтижеге (құрылатын резервтер сомасындағы шығын) әсер етті. Бұл шығын түріндегі салдардың біздің тарапымыздан дәл жоспарланғанын және осындай көлемді резервтер құрудың табиғи салдары екенін түсіну қажет.

Экономикалық жылдың күрделі болуына қарамастан, банктің көрсеткіштері тұрақты және кейбір секторлар өсуді көрсетуде. Осы жылдың қорытындысы бойынша банк кредиттік портфельді сақтау (1% өсу) және 2021 жылы оның көлемін 2020 жылдың соңындағы қалдықтардан 8%-дан кем емес деңгейге арттыруды жоспарлауда.

Банктің бәсекеге қабілеттілігін дәйекті түрде арттыру, клиенттер үшін ең қолайлы жағдайларды сақтау, әмбебап банктің ажырамас атрибуты ретінде бөлшек бизнесін дамытуға баса назар аудару жоспарлануда.

Әлемдік пандемия салдарынан экономикалық дағдарыстың қиын жағдайларында және экономикаға теріс әсеріне қарамастан, біздің банк тұрақтылықты сақтап қалуда.

Ағымдағы жылдың басынан бастап 01.11.2020 ж. жағдай бойынша "Нұрбанк" активтері 1,1%-ға өсті. Несие портфелі бойынша заңды тұлғалар - қарыз алушылар саны 12,7%-ға артты.

"Нұрбанк" депозиттік портфелі 3,3%-ға өсті, әсіресе ШОБ салымдары - 15%-ға кем болмай артты. Заңды тұлғалар - салымшылар саны 13,5%-ға артты.

Ағымдағы жылдың 10 айындағы таза пайыздық табыс өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 34%-ға артып отыр.

Банк үшін басым міндеттер қазіргі клиенттік базаны сақтау, экономиканың түрлі секторларында жаңа клиенттерді тарту, несие портфелінің сапасын жақсарту және проблемалық займдарды қайтаруды арттыру болып қала береді. 2020 жылы банк кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуды жалғастыруда, шағын несиелендіруге бағыттау үшін ресурстар тартып жатыр.

30.11.2020