Банктің «Инвестициялық компания «Русский Север» ЖШҚ-ға қарсы талап-арыз бойынша баспасөз-релизі

Банктің «Инвестициялық компания «Русский Север» ЖШҚ-ға қарсы талап-арыз бойынша баспасөз-релизі

«Нұрбанк» АҚ (ары қарай – Банк) жеке тұлғаларға, соның ішінде Құрмамбаев Т. және «Инвестициялық компания «Русский Север» ЖШҚ-ға («Русский Север» деп аталады) коммерциялық жылжымайтын мүлікті «7 континент» бизнес-орталығында меншікке беру келісімдерінің жарамсыз деп танылуы бойынша талап-арыз негізінде шығарылған сот шешіміне түсініктеме беру қажет деп есептейді.

2017 жылдың қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Русский Север» Тоганбаева Ж. деген азаматтың қатысуымен сот процесіне әсер етуге тырысып, оған саяси реңк беріп, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мемлекеттік органдарының қатысуымен халықаралық деңгейде қарастырылатын азаматтық дауды шешуді талап етті. Атап айтқанда, шетелдік заңды тұлға ретінде өзін шетелдік инвестор деп атаған «Русский Север» оның заңды мүдделерінің, халықаралық құқық нормаларының бұзылғанын мәлімдеп, қазақстандық сотты түзу емес қатынаста деп айыптады.

Қазақстан азаматы, Тоганбаева Ж., «Русский Север»-дің мүддесін көздеп, Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етуін, Сириядағы қақтығысты шешуге қосқан үлесін және халықаралық міндеттемелерге сілтеме жасап, Банкке, Ұлттық банкке, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кеңсесіне әлденеше рет хаттар жолдап, сот процесіне араласуды және «шетелдік инвестордың» құқықтарын қорғауды сұрады. Сот процестері барысында Банк тарапынан Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарынан алынған ресми құжаттар ұсынылып, «Русский Север»-дің дау туып отырған жылжымайтын мүлікке бұрынғы иесі Курмамбаев Т.-мен байланысы бар екенін растайтынын көрсетті, оған мүліктің оның иелігінен алынғаны және «Нұрбанк» АҚ кепіліне берілетіні белгілі болды. Бұл құжаттар азаматтық істің материалдарына қосылып, тиісінше бағаланған.

«Нұрбанк» АҚ қарапайым азаматтық-құқықтық даулары бойынша әділ шешім қабылданғанын және бұл инвестициялық мәселелерге қатысы жоқ деген сенімде.

Айгүл Қасенова

«Нұрбанк» АҚ баспасөз хатшысы

Байланыс тел: 2 599 710 *5465

+7 700 545 02 01

Akassenova@nurbank.kz

16.01.2018