«Нурбанк» акционерлік қоғамы (2004 жылғы 9 қарашадағы № 3868-1900-АО мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік) Алматы қаласы, Абай даңғылы 10 «В» мекенжайында орналасқан, Директорлар кеңесінің бастамасымен «Нурбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды (2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 64-(17) хаттама) келесі күн тәртібімен:
1) «Нурбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2) «Нурбанк» АҚ-ның Қазақстан Республикасының банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасына қатысуы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 129 қаулысымен бекітілген.
3) «Нурбанк» АҚ жай акцияларға конвертацияланатын атаулы купондық субординарлық облигацияларын шығару. Олардың конвертациялау шарттары мен тәртібін анықтау.
4) «Нурбанк» АҚ жарияланған жай акциялар санын ұлғайту.
Акционерлердің жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына және «Нурбанк» АҚ Жарғысына сәйкес өткізіледі.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2017 жылғы 25 қыркүйекте сағат 10:00-де Астана уақытымен «Нурбанк» АҚ ғимаратында өтеді, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «В».
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу оның өткізілу орнының сағат 09:00-ден бастап жүргізіледі.
«Нурбанк» АҚ акционерлерін акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға шақырамыз.
Жалпы акционерлік жиналыстың күн тәртібіне қатысты ақпаратпен және материалдармен Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «В» мекенжайында орналасқан «Нурбанк» АҚ кеңсесінде немесе телефон бойынша танысуға болады: 8(727) 2-500-000 (Корпоративтік хатшы Тлегенова Данара — ішкі нөмір 5783).
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар «Нурбанк» АҚ акционерлерінің тізімі 2017 жылғы 7 қыркүйектегі жағдай бойынша акция ұстаушылар тізілімі негізінде жасалды. Сіздердің назарларыңызды аударғымыз келеді, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес акционерлер тізімін жүргізу аяқталғаннан кейін және жалпы жиналысқа қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар, осы тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі қоғамның дауыс беруші акцияларын иеліктен шығарған жағдайда, жалпы жиналысқа қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Бұл ретте жаңа акционерге акцияларға меншіктікті растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Жалпы акционерлік жиналысқа қатысу үшін акционерлер – жеке тұлғалар өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат алуы тиіс.
Акционерлер – жеке тұлғалардың өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес куәландырылған нотариалдық сенімхатты, сондай-ақ өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс.
Акционерлер – заңды тұлғалардың өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен расталған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Акционер атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін көрсетуге құқығы бар тұлғаға заңнамаға немесе шартқа сәйкес сұрақты қарау үшін жалпы жиналысқа қатысу және дауыс беру үшін сенімхат талап етілмейді.
Акционерлер – заңды тұлғалар өздерінің және олардың акционерлерінің (қатысушылардың) акционерлер (қатысушылар) тіркелген ел бойынша Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңның 17-бабының 5-тармағын сақтау туралы өтінішін беруі тиіс.
Өтініш нысаны «Нурбанк» АҚ интернет-сайтында сілтеме бойынша орналастырылған: www.nurbank.kz/ru/about/shareholders/for_shareholders. Өтініш көрсетпеген акционер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер ЖӘне банк қызметі туралы» заңның 17-бабының 5-1-тармағына сәйкес акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатыса алмайды.
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заң талаптарына сәйкес, акционерлердің жалпы жиналысында орталық депозитарийдің есеп жүйесінде тіркелмеген меншік иесі туралы ақпарат жоқ акционерлер өздерінің акциялары номиналдық ұсталымда болатын акционерлер дауыс беруге жіберілмейді.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 48-бабына және «Нурбанк» АҚ Жарғысына сәйкес анықталады.
Тіркеуден өтпеген акционер (акционер өкілі) кворумды анықтау кезінде ескерілмейді және дауыс беруге қатысуына құқық берілмейді.
Артықшылықты акциялардың иесі болып табылатын акционер күн тәртібіндегі мәселелер бойынша талқылауға қатысуға және оларға өз пікірін білдіруге құқылы. Кезектен тыс жалпы акционерлік жиналыс көзбе-көз дауыс беру арқылы кезектен тыс жалпы акционерлік жиналыс басталады.
Кезектен тыс жалпы акционерлік жиналыс басты және хатшы акционерлік жалпы жиналысын сайлау үшін дауыс беру рәсімін өткізіп, барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланып, мәлімделген күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, тиісті шешім қабылданғанға дейін аяқталды деп есептелмейді.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында қатысушылардың саны жеткіліксіз болған жағдайда, акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы қайтадан акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетін күн ретінде өтті деп есептеледі.
«Нурбанк» акционерлеріне осы хабарлама Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 41-бабының 1-тармағының екінші абзацында белгіленген мерзімге сәйкес жіберіледі.