Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған пакеттік ұсыныстар

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған пакеттік ұсыныстар

Құрметті «Нурбанк» АҚ клиенттері,

Сіздерге жаңа акцияның «Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған пакеттік ұсыныстар» іске қосылуы туралы хабарлаймыз.

Қатысушылар:

Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, әлеуетті және қолданыстағы «Нурбанк» АҚ клиенттері.

Акцияның әрекет ету мерзімі:

20.02.2017 жылдан 31.12.2017 жылға дейін

Жаңа клиенттерге арналған акция шарттары:

Акция кезеңінде, акцияға қатысушы (заңды тұлға, жеке кәсіпкер) «Нурбанк» АҚ-та есеп шот ашқан кезде, бес пакеттен біріне қосылу арқылы банк операциялары бойынша шығындарын 40%-ға дейін қысқарту мүмкіндігіне ие болады.

Міндетті шарт — Пакеттік ұсыныстарға кірмейтін операциялар бойынша тарифтер бекітілген стандартты жинаққа сәйкес алынады.

Акция банкте жеке тарифтер бойынша қызмет алатын клиенттерге қолданылмайды.

 Акция шарттары (.pdf)

06.04.2017