Нұрбанк — кәсіпкерлердің сенімді серіктесі

Нұрбанк — кәсіпкерлердің сенімді серіктесі

Банк бизнес қоғамдастығымен белсенді жұмыс істейді. 2022–2023 жылдары аралығында Қостанай филиалы бизнеске несиелер беруге 2,1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлді. Нұрбанк мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысады, клиенттерге субсидияланған мөлшерлемемен қаржыландыру алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, банк клиенттері "Даму" қорының кепілдігін пайдалана алады. Нұрбанк клиенттерге: тиімді тарифтер, ақша аударымдарының кең ауқымы, валюталарды айырбастаудың жеке курстары, операциялардың жылдамдығы мен қауіпсіздігін ұсынады. Сонымен қатар, банк қайта қаржыландыру бағдарламаларын, кепілдемелі және кепілсіз несиелер, соның ішінде жеке ипотекалық бағдарламалары мен депозиттерді ұсынады.

Дереккөз: https://qostanaitv.kz/ru/news/23103

30.11.2023