Нұрбанк «Өмірге жолдама» береді

Нұрбанк «Өмірге жолдама» береді

Қазіргі уақытта «Нұрбанк» АҚ жыл сайын өткізілетін «Өмірге жолдама» бағдарламасы аясында білім гранттары бойынша өтінімдер қабылдауда. Бағдарлама жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға жоғары білім алу мен еңбек арқылы өздерін жүзеге асыруға көмектесуге бағытталған.

Бағдарлама аясында студенттер тегін жоғары білім алады, Нұрбанк олардың тұру шығындарын, шәкіртақы төлемдерін, тамақтануын қамтамасыз етеді және білім процесі барысында қолдау көрсетеді. Студенттерге тәжірибе ұйымдастырылып, жұмысқа орналастыру кепілдігі беріледі.

Бағдарлама негізін қалаушы, «Нұрбанк» АҚ акционері Эльдар Сәрсеновтың айтуынша: «Білім беру бағдарламасы „Өмірге жолдама“ екі әлеуметтік қызмет атқарады: біріншіден, балалар үйі мен қамқор отбасыларында тәрбиеленген балалардың жоғары білім алу мәселесін шешу және екіншіден, қазақстандық жастардың әлеуметтенуі және студенттердің жоғары кәсіби, адамгершілік және азаматтық- құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Мұндай қайырымдылықтың мәні – қаржыны ресми түрде беру емес, жеке қатысуда».

Мемлекет бала алдындағы негізгі міндеттерді шешуді өз мойнына алады: оқыту, тәрбиелеу, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды ең қажеттімен қамтамасыз ету. Бірақ өз бетімен өмір сүру, ересек өмір шынайы өмірдегі қиындықтарды қояды, оған олар дайын болмайды. Бұл бос уақытты өткізуге, денсаулығын сақтауға, үй тұрмысын ұйымдастыруға, қызығуларына сәйкес келетін мамандық таңдауға қатысты.

Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин «Өмірге жолдама» жобасының балаларға ерекше рөлін атап өтіп, балалар үйінен шыққан түлектерді әлеуметтік- психологиялық бейімдеудің маңыздылығын ерекше атап өтті:

«Балалар үйінен шыққан жеткіншектер әлеуметтік қарым-қатынас орнату дағдыларына ие болмайды, олар үшін қоғамға кірігу міндеті тұр. Балаларға тек оқуға арналған қаражат қана емес, бүкіл білім беру жолында ересек адамның қатысуы қажет. «Өмірге жолдама» бағдарламасын іске асыру арқасында бала бір отбасынан екінші отбасына ауысады. Балалар үйінен қарсы алынады, жатақханаға орналастырылады және барлық шығындары төленеді. Бірақ ең бастысы - балалар қолдауды сезінеді және кураторларға кез келген уақытта көмекке жүгінуге болатынын біледі, олардың қызығушылықтары мен хоббилері қолдау табады, сондай-ақ жұмыспен қамтылады».

Жоба сегіз жыл бойы жүзеге асырылуда. Осы жылдар ішінде бағдарламаға бүкіл Қазақстаннан 130-дан астам жасөспірім қатысқан. Әр жыл сайын «Өмірге жолдама» бағдарламасына үміткерлер саны артуда. 2021-2022 жылдары жоба аясында 24 студент жоғары білім алды. Биылғы жылы бесінші түлек дипломдарын алып, ересек өмірге жолдамаларын алады.

Балалар үйіне мектептегі білім бойынша олқылықтармен түсетінін түсіну керек. Олардың ата-аналары балалардың дамуына жағдай жасамаған. Сондықтан негізгі міндет - балаларға басқа өмірді көрсету. Әдетте, балалар үйінің тәрбиеленушілері 9-сыныптан соң жұмысшы мамандықтарға барады, алайда жақсы оқығандар (шамамен 35%) жоғары білім алуға талпынады. Олар негізінен құқық, медицина және педагогикалық бағытты таңдайды. Нұрбанктің білім беру бағдарламасына қойылған шарттар бізді таң қалдырды, ал шешуші фактор – әр баланың жеке қолдауы болды. «Өмірге жолдама» бағдарламасы бойынша қазіргі кезде төрт тәрбиеленушіміз оқып жатыр, олардың елдегі жетекші жоғары оқу орындарындағы студенттік өмірі туралы әңгімелері өздерінің мысалымен балалар үйінің басқа тәрбиеленушілерін шабыттандырады», - деп атап өтті «Рудный балалар үйінің» директоры Павел Коваль.

Балалар үйінің түлектерін әлеуметтік бейімдеуге жағдай жасау, олардың қоғамға сәтті бейімделуіне ықпал ету ақиқат мәселе болып табылады. Нұрбанк балалар үйінің тәрбиеленушілерін қорғау және қолдау міндетін өзіне алады.

Дереккөз: nur.kz

05.05.2022