Алдын ала аудиттелмеген қаржылық есептің қорытындылары бойынша, 2021 жылы банктің таза пайдасы 2,1 млрд теңгені құрады.
Карантиндік шектеулерге қарамастан, "Нурбанк" АҚ нақты экономика секторын белсенді несиелендіріп, 01.01.2022 жылға дейін 260 млрд теңгеге дейін несиелік портфелін арттырды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26 млрд теңгеге немесе 11,2%-ға артық. Проблемалық портфельдің (NPL) үлесі жалпы несиелік портфельге 6,31%-ды құрайды.
Банк ең белсенді несиелендіруді ірі корпоративтік, орта, микро және шағын бизнес секторларында жүргізді. Корпоративтік несиелендіру 16,4%-ға өсіп, 124,2 млрд теңгеге жетті. Жеке тұлғаларға берілген несиелер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға өсті.
Қарыздар нарығының жалпы баяулауына қарамастан, банк несиелендіруде, өз ресурстары есебінен ғана емес, бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде сәтті мамандандырылуда. Корпоративтік бизнесті банк тек қарыз беру моделі ретінде ғана емес, сонымен қатар сату арнасы ретінде қарастырады, бұл потенциалы жоғары. Бұл клиенттік базаны жылдам кеңейтуге және шағын және бөлшек бизнес секілді басқа сегменттерде де мүмкіндік береді.
Клиенттерді қолдау мақсатында банк 2021 жылы мемлекет тарапынан пандемиядан зардап шеккендерге арналған бағдарламаларға қатысты, сонымен қатар шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне барлық несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілді. Обесцену белгілері бар қарыздарға келсек, бұл шамамен 80 млрд теңге (3-кезеңдегі қарыздар), банк жеткілікті көлемде провизиялар қалыптастырған (50% деңгейінде), бұл несие қайтарылмауы жағдайында жақсы "қауіпсіздік жастығы" болып табылады.
«Көптеген қарыз алушылар тұрақты жұмыс істейді, бірақ қарыздарды белгіленген мерзімде өтеуде уақытша қиыншылықтарға тап болады. Сонымен қатар, дебиторлардың қарыздары сәйкес кепілдіктермен қамтамасыз етілгенін атап өту керек. Бұрын біз айтып өткендей, банк өзінің клиенттерінің серіктесі ретінде барлық мәселелерді пысықтай отырып, қарыз алушылардың бизнесін қолдауда, және жылжымайтын мүлікті тез сатуға асықпай, әр клиентке жеке төлем кестелерін жасайды. Қарыз алушылар қаншалықты тұрақты және орнықты болса, ел экономикасы да соншалықты күшейеді. Сондықтан үшінші кезеңдегі қарыздың көрсеткішін белгілі бір дәрежеде банкінің өзінің заемшыларына ашы және адал болуы ретінде бағалауға болады», — деп хабарлады тәуекелдер бойынша басқарушы директор Элиза Қозыкеева.
Банктің тұрақтылық көрсеткіші болып табылатын капиталының жеткіліктілік деңгейі реттеушінің нормасынан бірнеше есе артық (22%).
Банк активтерінің 35%-ын құрайтын жоғары өтімділік көрсеткіштері, оның көп бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздар мен Ұлттық Банк ноталарына орналастырылған, банктің 2022 жылы да белсенді несиелендіруін жалғастыруға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда өткен жыл банк үшін оң нәтиже беріп, ағымдағы жылы бұл нәтижені жақсартуға бағыт береді. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қаңтарында, "S&P Global Ratings" халықаралық рейтингтік агенттігі, ол кредиттік тәуекелді бағалау бойынша тәуелсіз зерттеулер мен эталондық көрсеткіштерді ұсынуда әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады, "Нурбанк" АҚ-ның кредиттік рейтингін "B-/B", болжамы — "Тұрақты" деңгейінде растады.
Дереккөз: nur.kz