Енді бұл желіге айналды. Зачаганскте заманауи стоматологияның тағы бір клиникасы ашылды. Тұрақты және жаңа пациенттер Арман микроауданы, М. Мөңкеұлы көшесі 116/1 мекенжайына келеді. Филиалдың ашылу салтанатында қалалық мәслихат депутаттары, Зачаганск ауылының әкімі Акқали Аубекеров, «Нурбанк» АҚ, «Атамекен» кәсіпкерлікті қолдау орталығы және «Даму» даму қорының өкілдері болды, олар жаңа клиниканың алғашқы қонақтары атанды.
Толыққанды стоматологиялық клиника DS Dental Clinic алғашқы филиалы 2017 жылы ашылып, төрт жыл ішінде 1 000-нан астам келушілердің сеніміне ие болып, оларға салауатты және бақытты күлкі сыйлады.
Жаңа филиал DS Dental Clinic, стоматолог-ортопед және клиниканың негізін қалаушы Самат Ихласовтың айтуынша, терапевтік көмек көрсетіп қана қоймай, мұнда рентген жасауға немесе хирургиялық қызметтерді алуға болады. Одан бөлек, клиника шұғыл стоматологиялық қызмет көрсетуде толық дайын.
Тек сапалы тіс емдеуге ғана емес, келушілердің ыңғайлылығына да үлкен мән берілді. Бөлмеде заманауи стильде жөндеу жұмыстары жүргізілді, стоматологтардың толыққанды жұмыс істеуі және пациенттердің жайлы уақыт өткізуі үшін сапалы жабдықтар орнатылды.
DS Dental Clinic барлық филиалында тістерді тазарту, кариес емдеу, тіс протездеу, брекет-жүйесін орнату және түрлі өндірушілердің импланттарын орнату қызметтері ұсынылады.
Зачаганск филиалының ерекшелігі оның балалар мен болашақ аналарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін ем көрсетуге бағытталғанында. Заманауи балалар кабинеттері кішкентай пациенттерге мұқият ем жүргізуге толығымен дайын, ал ересектерге арналған терапия және хирургия кабинеттері стоматологты қатты қорқатындарды да өз жайлылығымен таңғалдырады.
DS Dental Clinic басшылығы Зачаганскіде филиал ашу туралы шешімді пациенттердің клиникаға жету ыңғайсыздығына байланысты көптеген өтініштері бойынша қабылдады. Енді филиал әр түрлі жастағы пациенттерді аптаның жұмыс күндері таңғы 9-дан кешкі 7-ге дейін және сенбі күндері таңғы 9-дан түстен 3-ке дейін қабылдауға дайын.
– Бұл сіздің алғашқы клиникаңыз емес, және сіз осы салада жұмыс істей отырып, үлкен тәжірибеге иесіз. Сіздер өз істеріңізде ең үздік ретінде танылдыңыздар. Халықтың денсаулығына қамқорлық жасап жатқандарыңыз үшін сіздерге алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге және сіздердің командаңызға табыс пен өркендеу тілеймін, - деп атап өтті қалалық мәслихат депутаты Нұргүл Әшікова.
«Нурбанк» АҚ филиалының директоры Зульфия Бекешева банк төрт жыл бойы клиниканы дамыту жобасына үлкен ықыласпен қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.– Әдемі, жаңа клиниканың ашылуымен құттықтаймын. Бұл ауданда көптеген жас балалы отбасылар тұрады. Біз үшін, ата-аналар ретінде, балалардың денсаулығы өте маңызды. Сау балалар – бұл сау ұлт. Сіздер әлеуметтік жобаңызды жүзеге асырдыңыз, уақытпен жүресіз, орнында тұрмайсыз, дамисыз. Көбісі үшін сіздер еңбекқорлықтың үлгісісіздер. Біз сіздердің барлық жобаларыңызды қолдай отырып, қуаныштымыз, – деп құттықтады Зульфия Бекешева.