ТЖ кезеңінде барлық кредиттік мекемелер мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеке және заңды тұлғалардың кредиттері бойынша төлемдерін кешіктіру жағдайларында айыппұл, өсімпұл, неустойкаларды есептеуді уақытша тоқтатуы керек болғанын еске салайық. Сонымен қатар, оларға дағдарыстан зардап шеккен кәсіпкерлер мен халыққа үш айға дейін қарыз төлемдерін өтеуді кейінге қалдыруға тапсырма берілді.
- Эльдар, карантин енгізілуден зардап шеккен азаматтарға көмектесуге бағытталған мемлекеттік шаралар банктік секторға қалай әсер етуде?
- Банктік сектор елде және әлемде болып жатқан барлық факторларға өте сезімтал болып келеді. Қазіргі уақытта біз де, нарықтың басқа қатысушылары сияқты қиындықтарға тап болып, белгілі бір жүктемені сезіндік. Мұндай кезеңде мемлекеттің маңызды рөлі уақытылы шара қабылдауда.
1929 жылы АҚШ-та Ұлы депрессия басталғанда, сол кездегі үкімет пен Федералдық резервтің қолдау шараларын (салық жеңілдіктері, төлемдерді кейінге қалдыру және экономикаға басқа да ынталандырулар) кеш қабылдауынан оларда дағдарыс он жылға дейін созылғанын көруге болады.
Сондықтан біздің мемлекетіміздің қабылдаған шешімдері уақытылы және толық көлемде жасалды деп санаймын. Ең бастысы, біз экономикалық тізбектің үзілуіне жол бермедік. Қазіргі уақытта біз оны қарыз алушыларымызға қалай әсер ететінін бақылап отырмыз және олардың жағдайы бізге тікелей әсер етеді. Мысалы, микро және шағын бизнестің қарыздарын маусымға дейін кейінге қалдыруды сұраған көптеген клиенттеріміз теріс жағдайдан шығып, қайта төлемдерін жүргізіп жатыр. Кейбір триггерлер бойынша белсенділік қалпына келуде.
Сонымен қатар нақты секторды кредиттеу тоқтаған жоқ. Мемлекеттік бағдарламалар арзан ресурстар арқасында ШОБ үшін жақсы көмек болды деп атап өткім келеді. Біз мұнда агент болып шығып, клиенттік базамызды кеңейте алдық. Жинақталған қаражаттың қымбаттығына байланысты банктер мұндай төмен мөлшерлемелер бойынша кредиттер ұсына алмас еді.
Біздің экономика күшті соққыға төтеп беріп жатқанын көру мені қуантуда.
Әрине, банктік секторда әлі аздап құлдырау сезіледі. Бірақ кейбір скептиктердің болжағанындай түбегейлі емес.
- Дегенмен, соңғы айларда клиенттердің депозиттік шоттарынан ақшаның ағымы байқалуда, бұл банктердің ресурстық базасына теріс әсер етпей қоймайды...
- Иә, дағдарыстық жағдайларда адамдарға өздерінің қажеттіліктерін жабу үшін ақшалай қаражат қажет.
Сонымен қатар депозиттік портфель банктердің ресурстық базасын қамтамасыз ететін жалғыз дереккөз емес. Біз, мысалы, 47 млрд теңгеге облигациялар шығарып, саттық, сондай-ақ 20 млрд теңгеден астам сомаға акциялар шығардық.
- AQR нәтижелері жарияланғанда, елдегі төтенше жағдай енгізіледі деп ешкім күткен жоқ. Қазір карантиннің әсерін анық көре аламыз. Сіздің ойыңызша, Қазақстанның банктік секторының тұрақтылығын қалайша сақтап қалуға болады, бұл туралы төтенше жағдайдың басында реттеуші мәлімдеді?
- 2008-2009 жылдардағы алдыңғы дағдарыс кезіндегі әлемдік тәжірибе (Канада мен Исландия мысалында), банктік жүйенің активтер сапасын қатаң, консервативті бағалау әдісі өте тиімді екенін көрсетті.
Осыған байланысты, AQR Қазақстанның қазіргі банктік жүйесінің жақсарып келе жатқанын, сонымен қатар біз (банктер - ред.) қандай жағдайда дамып, қай жерде кеміп, қандай тәуекелдерді өзімізге ала алатынын көрсетті.
Бірақ жағдай өзгеріп жатқан кезде де, банктік секторда биыл күтпеген жағдай болмайды деп айтуға болмайды. Агенттікке біз қаржылық нарықтың реттелуі мен дамытылуы жөнінде күнделікті есеп береміз, бұл біздің қызметімізді транспарентті етеді және белгілі бір міндеттемелер жүктейді. Сондықтан мемлекет, реттеуші және банктер бірлесіп қабылдаған шаралар банктік секторының тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді деп ойлаймын.
- Қазір банктердің өзара онлайн қызметтерді ұсынып, нарыққа жаңа шешімдер ұсынуға қаншалықты дайын деп ойлайсыз? Цифрландыру карантин жағдайында банктердің операциялық қызметіне қалай әсер етті?
- Конкуренция қысымынан банктер халықаралық деңгейдегі IT-технологияларға инвестиция сала бастады. Карантин банктік қызметтерді цифрландыруға ынталандырды. Сондықтан біз төтенше жағдай кезеңін оңай бастан өткердік. Сонымен қатар, мен Әлемдік нарықта алдыңғы қатарлы инновациялық шешімдерді Қазақстан банк клиенттері жақын арада көреді деп сенемін.
Басқа жағынан, бәсекелестік біздің базамызды арзандатып, қалың қауымға онлайн-сервистерді қолжетімді етеді. Бұл тұтынушылардың пайдасына жұмыс істейді. Сонымен қатар банктік сектордың маржа төмендеуде.
Бізден көп ресурс интернет-банкингқа, инфрақұрылымдық жабдықтарға, POS-терминалдарға, банкоматтарды, ақпараттық жүйелерді жаңартуға жұмсалады.
- «Тірі» кадрларға қажеттілік жойыла ма?
- Сонда да банктердің клиенттері бірінші кезекте менеджерге бармай, көптеген операцияларды жүргізе алмай келеді, бұл бізді заңнама мен әлемдік тәжірибемен шектейді. Сондықтан мен қолданыстағы операциялық қызметтерге сұраныс бірнеше жылға жоғалмайды деп ойлаймын.
Сонда да бөлімшелер саны азаяды деп есептеймін, себебі оларға деген қажеттілік жоғалады. Бірақ мен бір үлкен қалада немесе аймақта бір ғана офис қалуы мүмкіндігін атап өтпей қалмас едім. Барлығы онлайнға көшеді. Уақытты ғана мәселе.
- Сіз финтех-компанияларды өзіңізге бәсекелес деп санайсыз ба?
- Бүгінгі таңда халық пен бизнес үшін қолжетімді және жеңілдікті несиелендірудің бірден-бір көзі ретінде финтех-компаниялары банктік секторды жақында алмастыра алмайды деп айту дұрыс емес. Мен бұл компаниялар кейбір сервистерді толықтыра алады деп айтар едім.
- Көптеген клиенттер өз мінез-құлқын өзгертті ме?
- Өкінішке орай, көптеген қарыз алушылар жақсы несие тарихының қажеттілігін әлі де түсінбейді және ол орта және ұзақ мерзімді перспективада оларға қалай әсер етуі мүмкін. Бірақ біз банктік тәртіптің деңгейі халық арасында жақсарғанын байқаймыз. Сонымен қатар олардың қаржылық сауаттылығы артып келеді. Клиенттер сұранысты көбірек қойып, ең тиімді шарттарды өзі үшін «торгалап» ала алады. Бұл да банктердің маржасына әсер етеді.
- Халықаралық рейтингілік агенттіктердің пікірінше, банктік сектордың пайдасы 2020 жылы өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азаяды. Бұл болжам қаншалықты негізделген?
- Әрине, банктердің таза пайдасы биыл көп төмендейді. Сонымен қатар, банктердің кірістері стандартты компаниялардың кірістерінен айырмашылығы бар екенін білетін шығарсыз. Біз пайданы әртүрлі дереккөздерден ала аламыз, негізгі кіріс бабы болып табылатын пайыздық кірістерден және комиссиялық кірістерден. Сондықтан біздің күшіміздің қолында шығындалған шығыстарымызды дәл осы әдіспен толықтыруға болады. Бұл бірінші.
Екіншіден, карантин және банктік қызметтердің цифрландырылуы жағдайларында банктердің табыстары ақпараттық немесе коммуникациялық жүйелерге инвестициялануы мүмкін.
Үшіншіден, ең көп таралған және дұрыс шешім - бұл резервті құру, бұл активтердің ағымдағы нарық құнын көрсетеді. Бұл ХҚЕС талабы, сондай-ақ реттеушінің талаптарының бірі.
Осыған байланысты, рейтингілік агенттіктер банктік сектордың кірістілігінің төмендеуін болжағанда, олар банктердің болашақ шығындарды өтеу үшін резервтерді құру прогноздарына негізделген.
Банк толық табысты және тұрақты бола алатыны анық және ол үшін оған жоғары кіріс қажет емес болатыны анық.
- Банктік сектордың жағдайы қалыптаса бастауы үшін қанша уақыт қажет деп ойлайсыз?
- Биыл банктерден артық кірістерді күтпеу керек. Біріншіден, тіпті жақсы қаржылық нәтижелерді көрсетуі мүмкін банктер де өз қызметінің бағалауына аса сақтықпен қарайды. Екіншіден, банктер өздері кредиторлар және басқа нарық қатысушыларының қаржылық делдалдары болып табылады. Олардың жағдайы бізге әсер етеді.
Қаншалықты тез экономика қалпына келсе, банктік сектор да солай қалпына келеді. Коронакризиске жедел реакция жасағанымызды ескере отырып, 2021 жылдың екінші жартысында Қазақстан өз рельстарына жаңа күшпен қайта оралатынына сенімдіміз.