Нұрбанк АҚ – Қазақстанның жол инфрақұрылымын дамытудағы стратегиялық серіктес

Нұрбанк АҚ – Қазақстанның жол инфрақұрылымын дамытудағы стратегиялық серіктес

18.04.2025

Нұрбанк АҚ «Алматинская дорожно-строительная компания» ЖШС-не (бұдан әрі – АДСК) қаржыландыру берді. 2001 жылы негізі қаланған АДСК екі онжылдықта саланың көшбасшысына айналды, сапалы асфальт өндіруші, инертті материалдар және дірілпрестелген бетон бұйымдар өндірушісі ретінде сенімді беделге ие болды.

Бүгінде компанияда шамамен 250 қызметкер жұмыс істейді және заманауи өндірістік инфрақұрылымға ие. АДСК арсеналында әлемге танымал «AMMANN» брендінің бес жоғары технологиялық асфальт араластырғыш қондырғысы бар, жалпы өнімділігі сағатына 980 тонна асфальт, бетон бұйымдарын шығаратын зауыт (оның ішінде тротуар плиталары мен бордюрлар), сондай-ақ Алматы облысы, Бәйтерек ауылында 38 гектар аумақтағы карьер бар. Бұл жерде сағатына 200 тонна өнімділікпен екі ұсақтау-сұрыптау желісі және сағатына 35 тоннаға арналған құм жуу қондырғысы жұмыс істейді. Сондай-ақ, компанияда күрделі инфрақұрылымдық тапсырмаларды орындауға қажетті заманауи мамандандырылған техниканың кең автопаркі бар.

АДСК тұрақты өсуді қамтамасыз ету үшін өндірістік процестерді жетілдіріп, қуаттылықты арттыруда. 2017 жылдан бастап компанияның қаржылық серіктесі Нұрбанк болып табылады. Ынтымақтастықтың арқасында 2024 жылы компания жаңа жабдықтар сатып алуға және автопаркті кеңейтуге 2,5 миллиардтан астам теңге қаржы тартты. Бұл құрылыс компаниясының өндірістік қуаттылығын нығайтуға мүмкіндік берді. Компанияның кейінгі тұрақты дамуы үшін банк қаржылық қолдаумен қатар сараптамалық біліммен де бөліседі.

2017 жылдан бастап АДСК жол құрылысына белсенді қатысуда. Аяқталған жобалар арасында Алматы қаласы мен Алматы облысындағы жолдар мен көше капитальды жөндеу жұмыстары, Саин даңғылын кеңейту, автобус паркін жабдықтау, Кербұлақ ауданындағы автожолдар құрылысы және өңір үшін басқа да маңызды нысандар бар.

АДСК-мен серіктестік - бұл тек іскерлік ынтымақтастық ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның болашағына қосылған үлес. Асфальтобетон қоспаларын өндіру - заманауи жол инфрақұрылымын құрудағы іргетас. Біз кең ауқымды және әлеуметтік мәні бар жобаларды жүзеге асыратын компанияның қаржылық серіктесі болғанымызды мақтан етеміз", - деді Нұрбанк АҚ Басқарма төрайымы Гүлнара Мусатаева.

Ол сондай-ақ құрылыс саласының маусымдық сипатын ескере отырып, Нұрбанк қарыздық міндеттемелерді қайтарудың икемді кестесін құрып, қаржы ағындарын тиімді басқаруға және операциялық тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Нұрбанк командасының кәсібилігі мен сараптамалық қатысуын жоғары бағалаймыз», - деді «Алматинская дорожно-строительная компания» ЖШС директоры Юнус Исмаилович Гагиев.

Дереккөз: https://kz.kursiv.media/2025-04-18/nurbank/

25.04.2025