Нұрбанк Қазақстанда алғаш рет Nur24.kz қосымшасында Ria Money Transfer жүйесі арқылы ақша аударымдарын жіберу сервисін іске қосты

Нұрбанк Қазақстанда алғаш рет Nur24.kz қосымшасында Ria Money Transfer жүйесі арқылы ақша аударымдарын жіберу сервисін іске қосты

Нұрбанк өз транзакциялық сервистерін цифрлық форматта дамытуды жалғастыруда: бұдан былай клиенттер Nur24.kz мобильді қосымшасы арқылы Ria Money Transfer жүйесімен халықаралық ақша аударымдарын жібере алады.

Ria Money Transfer — әлемнің 190-нан астам елін қамтитын халықаралық ақша аударымдарының ең ірі жүйелерінің бірі.

Сервистің артықшылықтары:

  • Кең ауқымды қамту: бүкіл әлем бойынша 500 000-нан астам ақша беру пункті.
  • Ақша жіберудегі тиімді тарифтер:
    • Түркия, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Оңтүстік Корея, БАӘ, Вьетнам — соманың 1%-ы, ең аз мөлшері 3 EUR/USD.
    • Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия мен Украина — соманың 0,8%-ы, ең аз мөлшері 2 EUR/USD.
    • Молдова, Армения — соманың 1,6%-ы, ең аз мөлшері 2 EUR/USD.

Ыңғайлылық: банк бөлімшесіне бармай-ақ, тікелей қосымша арқылы аударым жасау мүмкіндігі.

Шарттар туралы толық ақпаратты Нұрбанктің ресми сайтынан немесе банк бөлімшелерінен білуге болады.

«Біз әрдайым клиенттеріміздің нақты қажеттіліктеріне бағдарда ұстаймыз. Біздегі басты басымдық — қаржылық өмірді жеңілдететін ыңғайлы әрі түсінікті сервистерді жасау. Қазіргі таңда халықаралық аударымдар үлкен сұранысқа ие: бұл жақындарға көмек көрсетуде, шетелде оқып жатқан балалардың күнделікті шығындарын төлеуде орын алуы мүмкін. Nur24.kz қосымшасында Ria Money Transfer арқылы аударым жіберу мүмкіндігін іске қосу — транзакциялық сервистерді дамытудағы тағы бір маңызды қадам. Нұрбанк осы бағытта сервис сапасы мен ыңғайлылығы бойынша көшбасшылар қатарында болуды мақсат етеді», — деп атап өтті Нұрбанктің Басқарма төрайымы Гульнара Мусатаева.

📲 Ria Money Transfer жүйесі арқылы аударым жіберу енді бұрынғыдан да оңай — Nur24.kz қосымшасын ашыңыз да, Нұрбанктің жаңа әрі ыңғайлы сервисін пайдаланыңыз.

«Нұрбанк» АҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылдың 3 ақпанындағы №1.2.15/193 лицензиясы негізінде іс-әрекет етеді. Начало формыКонец формы

Дереккөз: https://bizmedia.kz/2025-08-21-nurbank-pervym-v-kazahstane-zapustil-servis-otpravki-perevodov-po-sisteme-ria-money-transfer-v-prilozhenii-nur24-kz/

20.01.2026