Егер сізге қысқа мерзімге ақша салып, едәуір пайда табуға көндірсе және сізден тек жаңа қатысушыларды тарту ғана талап етілсе, сізді қаржы пирамидасына тартуда.
Бұл ретте жоба ноу-хау ретінде ұсынылып, онда күмән туғызатын тым стандартты емес жұмыс схемалары болуы сізді алаңдатуы тиіс. «Супертабысты» және «қарқынды дамып келе жатқан бизнес» үшін жобаның кеңсесі нашар күйде немесе мүлдем жоқ. Әдетте, алаяқтар табыс көзі мен тәсілін нақтыламайды.
Сақ болыңыз! Жинақтарыңызды инвестицияламас бұрын, интернеттен осы компания туралы ақпарат іздеңіз. Қаржы қызметтерін көрсететін лицензиясы бар компаниялармен ғана келісім бойынша жұмыс жасаңыз. Шартпен мұқият танысып, күмән туындаған жағдайда заңгерлерден кеңес алыңыз.
Алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы күрестің қажеттілігін ескере отырып, Fingramota.kz қаржылық сауаттылық медиа порталының «Оңайма? Алаяқтық» айдарында толығырақ танысуды сұраймыз.