"Нұрбанк" АҚ бас банкіне қатпарлы типтегі құтқарғыш жең құрылғыларының (ҚЖҚ) орнатылуы бойынша ашық тендер өткізуге байқау жариялайды.
Байқау нәтижелері бойынша ең жақсы ұсынысты ұсынған компаниямен жеткізу келісімшарты жасалады.
Осы хабарламаға қосымшада талаптар тізімі бар файлдарды таба аласыз.
Тендер түрі: ашық.
Сауданың басталуы: __ _______2021 жылы сағ. __:__, мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғылы 10 «в».
Сауданың аяқталуы: ___ ____ 2021 жылы сағ. __:__, мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғылы 10 «в».
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: ___ ____________ 2021 ж. сағ. __:__, мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғылы 10 «в».
Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар:
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттерін ұсыну қажет:
1 пакет: Құқықтық құжаттама
1) белгіленген нысанда тендерге қатысу өтінімі;
2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу куәлігінің (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есеп кітапша куәлігі) нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) мемлекет лицензиялаған қызмет түріне лицензияның көшірмелері (тексеру үшін түпнұсқа);
4) жеткізушінің өкілі ретінде сенімді тұлғаны құжатпен куәландырудың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) тендерге қатысу үшін сенімді тұлғаға берілген жеткізушінің сенімхаты;
2 пакет: Қаржылық құжаттама
1) банк реквизиттерін растайтын, үміткердің банк алдындағы мерзімі өткен қарызының жоқтығын растайтын банк анықтамасының түпнұсқасы;
2) заңды тұлғалар үшін бір жылға қаржылық есептердің, жеке кәсіпкерлердің салық декларацияларының көшірмелері;
3) салық төлемдерінің берешегінің жоқтығы туралы салық органдарының анықтамасының түпнұсқасы;
4) жеткізушімен бұрын жұмыс жасаған заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлерден ұсыныстар мен пікірлердің көшірмелері;
5) материалдық-техникалық базаның болуы туралы мәліметтер;
6) бағалық ұсыныстар;
7) корпоративтік табыс салығы туралы Декларациялардың 2 (екі) жылға көшірмелері.
3 пакет: Өзгеше құжаттама
1) тауар сипаттамасы, жеткізу шарттары, мерзімдер.
2) әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін әзірлеу және ұсыну бойынша барлық шығындарды көтереді.
Банк пен тендер комиссиясы бұл шығындарға жауап бермейді және міндеттемелерді орындамайды, тендер жүргізу және нәтижелері қандай болса да.
Банк Тендер комиссиясының шешімін немесе тендер нәтижелерін ықтимал қызмет жеткізушілеріне немесе тендерлік өтінімдерді қарастыруға қатыспайтын басқа тұлғаларға жарияламауға құқылы.
"Нұрбанк" АҚ тендердің өткізілмейтіні немесе кейінге қалдырылатыны туралы, тендерге өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге жазбаша хабарлауға құқылы.
Әлеуетті жеткізуші өзінің өтінімін тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Байланыс тұлға:
Келесі мәселелер бойынша:
- бағалық ұсыныстар және құжаттар пакеті бойынша Жұмабаева Н.Нге хабарласыңыз. тел: 8(7272) 599-710 ішкі 5670
- +7 7017212361
- e-mail: Nzhumabayeva@nurbank.kz
Қосымша №1. Техникалық сипаттама (жүктеу. doc, 82 КБ)
Қосымша №2. Өтінім (жүктеу. doc, 82 КБ)