Тендерге 1-Қосымшада (Функционалдық талаптар) көрсетілген талаптарға сәйкес келетін заңды тұлғалар (әлеуетті қызмет жеткізушілер) жіберіледі.
Front-end / back-end бөлігінде "Кредиттік Конвейер" АЖ-ны әзірлеуге Бизнес-талап (2-Қосымша)
Банктің Тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты әлеуетті қызметтерді жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екендігін ескертеміз.
«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінімдер берген әлеуетті жеткізушілерді тендердің болмайтыны немесе өткізілудің жаңа күнін көрсете отырып ауыстырылғаны туралы жазбаша (электронды) хабардар ету арқылы тендердің өткізілуін болдырмауға немесе кейінге қалдыруға құқылы.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті қызмет ұсынушының өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, уәкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.
Тендерлік құжаттаманы ұсынудың соңғы мерзімі 2025 жылдың «06» мамырдың сағат 12:00-де. Құжаттар Алматы қ., Абай даңғ., 10 «В», 204 каб. мекенжайында орналасқан Банк кеңсесіне (конвертте байланыс деректерін көрсете отырып) аузы желімденген конвертте тапсырылады.