Тендерге төмендегілерде баяндалған критерийлерге сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілер жіберіледі:
Банктің Тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты әлеуетті қызметтерді жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екендігін ескертеміз.
«Нұрбанк» АҚ тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің өткізілмейтіні немесе кейінге қалдырылғаны туралы жазбаша хабарламасын жібере отырып, тендерді өткізбеуге немесе кейінге қалдыруға құқылы.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті қызмет ұсынушының өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.
Құжаттама топтамасын жасақтау бойынша В.В. Морозовқа хабарласуға болады. +7 (727) 2500-000, (ішкі нөмір 5385), vmorozov@nurbank.kz
Техникалық сипаттама бойынша Г.А. Касым-Ашимге хабарласуға болады. +7 (727) 2500-000, (ішкі нөмір 4576), +7 701 420 4005, gkassymashim@nurbank.kz, it_dpap@nurbank.kz