Тендерге заңды тұлғалар (қызметтердің әлеуетті жеткізушілері) жіберіледі, олар тендер өткізілетін уақытқа қарай №1 Қосымшадағы әлеуетті қатысушыларды іріктеу талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Техникалық айрықшамалар мен бағдарламалық өнімдердің сипаттамасы №1 Қосымшада көрсетілген.
Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімдерін дайындау мен ұсынуға қатысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендердің өткізілуі мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және шығындарды өтеуге міндетті емес
Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін ерекше атаймыз.
Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлға тендерге қатыспаған кезде, оның қатысуынсыз жүргізілетін болады.
Байланысушы тұлғалар: Алмат Амзежанович Буралкиев +7 (727) 250 00 00 ішкі 4001, aburalkiev@nurbank.kz