Кассалық жабдықтарды сатып алу

Кассалық жабдықтарды сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
30.10.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
16:30
Алматы қ., Абай даңғылы, 10Б
3-қабат, 310-кабинетте
14.10.2025

Пакеттер мен ұсыныстар жинағы

Мерзімі:
29.10.2025
Уақыт:
12:00-ге дейін
Мекенжай:
Абай даңғ., 10 «В», кеңсе, №204 кабинет

№1 Лот – 10 бірлік көлеміндегі қайта санау кассасына арналған 2 қалталы банкнот есептегіші

№2 Лот –8 бірлік көлеміндегі УФ детектор 

№3 Лот – 2 бірлік көлеміндегі 2 қалталы Вакуумдық орағыш

Тендерге «1-Қосымша – Тендердің әлеуетті қатысушыларын таңдау өлшемдері» файлында баяндалған критерийлерге сәйкес келетін және сынақтан өткізу үшін жабдықтарын ұсынған әлеуетті жеткізушілер жіберіледі. Сатып алынатын жабдықтың техникалық сипаттамалары «2-Қосымша – Техникалық айрықшамалар» файлында берілген

Тендерге қатысу үшін құжат топтамалары

Заңды құжаттама
  1. компания директорын тағайындау туралы шешім мен бұйрық
  2. белгілі бір қызметті жүзеге асыруға берілетін рұқсаттың (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/көрсетілетін қызметтер бойынша қызмет рұқсат алуды талап ететін болса) көшірмелері (қағаз тасымалдағыштағы рұқсат берілген жағдайда салыстыру үшін түпнұсқасы) немесе мемлекеттік орган берген рұқсаттардың және Үміткерге хабарламалардың жіберілгені туралы хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірменің көшірмесі ((егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/көрсетілетін қызметтер бойынша қағаз жеткізгіштегі рұқсат берілген жағдайда) хабарлама жіберуді талап етеді)
  3. Өтініш берушінің өкілі – уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі
  4. Үміткердің Тендерге қатысуға уәкілетті тұлғасына берген сенімхаты
Қаржылық құжаттар
  1. баға ұсыныстары
  2. «Нұрбанк» АҚ-да қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатындағы Ішкі бақылау қағидаларына сәйкес заңды тұлғаның толтырылған сауалнамалары
  3. қызмет көрсетуші банктен алынған Үміткердің банктік деректемелерін, Үміткердің банк алдында мерзімі өткен берешегінің жоқтығын, ақша қаражатына билік етуіне шектеулердің жоқтығын растайтын анықтаманың түпнұсқасы
  4. заңды тұлғаның мөрімен расталған соңғы есептік кезең ішіндегі қаржылық есептіліктің, жеке, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін салық есептілігінің көшірмелері
  5. Үміткердің тіркелген жері бойынша Салық комитетінен салық берешегінің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы
  6. бұрын Үміткермен ынтымақтаса жұмыс істеген заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ынтымақтастық тәжірибесіне берген бағалаулары мен сипаттамаларын, оның ішінде міндеттемелерді уақтылы, толық орындауын және басқаны қамтитын ұсыныстар мен шолулардың түпнұсқасы немесе көшірмелері (бар болса)
  7. материалдық-техникалық базасы туралы мәліметтер
  8. Үміткердің ЭСП-ға тiркелуi туралы мәлiметтер (болған жағдайда)
  9. Тендерді өткізгенге дейінгі 2 (екі) жылдың Корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Алдыңғы екі жыл ішінде салық есебінде залал болған жағдайда, қатысушы ұсынылатын тауарлардың/ қызметтердің (кейіннен халықаралық іскерлік мәміленің мәні болып табылатын тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алу үшін) бағасының негіздемесін ұсынуға міндетті
Басқа құжаттама
  1. осы хаттың қосымшасына сәйкес белгіленген формадағы тендерге қатысу жөніндегі, қазақ/орыс тілдеріндегі өтінім;
  2. техникалық айрық шамалар, Жабдықты жеткізу шарттары, мерзімдері, қызметтерді көрсету мерзімдері, тізбесі, тәртібі мен мерзімдері (бар болса);
  3. әлеуетті жеткізушілер үшін жабдықты сату және техникалық қолдау қызметтерін көрсету құқығын растайтын құжаттары енгізілген Жабдық өндіруші компанияның авторлау жасалған хатының болуы қажет;
  4. сертификатталған мамандардың саны туралы мәліметтер (мамандардың сертификаттарының көшірмелері);
  5. Тапсырыс берушінің мекен-жайына Жабдықты бір уақытта және толық көлемде жеткізу міндеті;
  6. әлеуетті жеткізушінің қалауы бойынша өзге де құжаттар.

Әлеуетті Жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындауға және ұсынуға байланысты орын алған барлық шығындарды өзі көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия тендерді өткізудің сипатына және тендер нәтижелеріне қарамастан, бұл шығындар үшін жауап бермейді жәнге міндеттелмейді.  

Өз тарапымыздан «Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінімдерді берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің күшін жою немесе жаңа күнді көрсете отырып, кейінге қалдыру туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, тендерді тоқтатуға немесе кейінге қалдыруға құқылы екенін ескертеміз.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің өтінімін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе уәкілетті тұлғаның тендерге қатыспағанына қарамастан, өткізіледі.

 

Заңдық және қаржылық құжаттар топтамасын жасауға қатысты сұрақтар бойынша Владимир Морозовқа хабарласыңыз.

+7 727 2 599 710 ішкі 5385 vmorozov@nurbank.kz

 

Басқа құжаттар топтамасын жасауға қатысты сұрақтар бойынша Нафизат Нұрымбетоваға хабарласыңыз.

 +7 727 2 599 710, ішкі. 5830 nnurymbetova@nurbank.kz 

Қатысуға өтінім